Мектеп оқушыларымен кездесу

Академиядағы білім беру істерінен бөлек, біздің мұрат қоғамда өсіп келе жатқан жастарды жамандықтан сақтандыруды да қамтиды. Осы мақсатта «Оқу — білім бұлағы, білім – өмір шырағы» — деп, білім беру ошақтарының бірі Наушабаев атындағы мектеп-гимназияға 2018 жылдың 20 желтоқсанында келіп, «Құқық қорғау органдарының қоғамдағы орны», және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет» тақырыптарынан жедел-іздестіру қызметі кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.О.Лукпанов, оқытушы полиция майоры Е.Н.Тоқжановпен бірге баяндама жұмыстары жүргізілді. Наушабаев атындағы мектеп — гимназияның тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Ахмет Гүлнұр Төлендіқызының көмегі арқасында бұл іс-шараның аясы ауқымды болды, яғни, жоғары сынып оқушыларын түгелін дерлік қамтыды.

Баяндама соңында оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, жадынамалар таратылды.

Білім құмар жастарымыз көбейіп, олардың бір кірпіш болып қалануы бейбіт өмірдің арқасында. Тәуелсіз өмірдегі бейбітшілік арта берсін!

ЖІҚ кафедрасының орынбасары

полиция подполковнигі

Лұқпанов М.О.