«Тәуелсіздік күні» мерекесіне қабырға суреттерімен жауынгерлік парақтан конкурс.

16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесі. Осыған орай 3 курс оқу топтары мерекеге байланысты қабырға суреттерін және жауынгерлік парақтар салған-ды.

Салған еңбектерін ескере 3 курс басшылығы оқу топтары арасында қабырға суреттерінен және жауынгерлік парақтардан конкурс өткізді. Барлығы да өздерінше мерекелік тақырыпты суретпен жеткізгісі келген. Олардың арасынан жеңімпазды таңдау оңайға түспеді.

Курс басшылығы барлық жағдайды ескере отырып қабырға суреттерінен 1-ші орынды 303 оқу тобының қабырға суретін лайық деп тапты. 2-ші орынды  306 оқу тобы ал 3-ші орын 310 оқу тобына бұйырды. Ал жауынгерлік парақтан 1-ші орынды 304 оқу тобы, 2-ші орын 303 оқу тобы, 3-ші орын 309 оқу тобына берілді. Орындарға йе болған оқу топтары сыйлықпен мақтау грамоталарымен мадақталды.

Жалпы осындай конкурстар 3 курс топтарының арасында жиі өткізіледі. Осындай конкурстардың өткізілуі тегін емес. Әр оқу тобы әр жолы барынша тырысып, өздерінің ерекшеліктерін көрсетіп, патриоттық жағынан дамуларына да көмектеседі.

3 курс курсанты Д. Әділдәбеков