Футбол алаңында

«Спорт-деңсаулық кепілі» деп дана халқымыз айтып кеткендей әр азаматтың деңсаулығымен өзіне деген сеніміділігін ояту үшін әртүрлі спорт түрлерімен айналысуы шарт. Осы мақсатты отан қорғаушылар да өздерінің белсенділігін арттырып, шымырлыққа қол жеткізу үшін академия алаңында футбол жарысын ұйымдастырды. Жарыстың өткізілу мақсаты: жас курсанттардың спортқа деген қажыр-қайратын арттырып, олардың салауатты өмірлеріне үлес қосу. Бұл жолғы футбол ойынының басқа ойындардан айырмашылығы алаңға курс басшылары  қатысып, курсанттармен тең дәрежеде ойнады. Әр курстан курс басшыларының орынбасарлары мен 3 курс қатысып, футбол алаңының сәнін келтірді. Ұйымдасқан футбол ойының нәтижесі бойынша 1 курстың жеке құрамы 2-ші орынды еншісіне басты. Курстың намысын қорғауға курс басшыларының орынбасарлары ішінен Нұрлан Бақытқалиұлы қатысты. Қорытындылай келе, тамаша ойындарымен бізді спорт өміріне деген қызығушылығымызды арттырып, үнемі қолдау білдіріп жүрген курс басшылығына алғысымызды білдіреміз.

1 курс курсанты

полиция қатарындағы Бакбаева Аида