1 курс курсанттары курс бастықтарының орынбасарларымен кездесті

Ағымдағы жылдың 13-ші желтоқсан күні курс бастығының орынбасарлары полиция аға лейтенанты Даушов.А.Ж. және полиция аға лейтенанты Нұрлан Бақытқалиұлымен 1 курс курсанттарымен кездесті. Кездесу барысында курста өткізіліп жатқан барлық жағдайларға сараптама жүргізілді және көрсетілген ескертулер бойынша жұмыс жасау қажеттілігі белгіленді. Сонымен қатар саптық дайындық, курсанттардың академияда өткізіліп жатқан мәдени-көпшілік ісшараларына белсене қатысулары туралы  да айтылды. Қазіргі танда курстың жеке құрамы бойынша барлығы 46 командир бар. Олар жеке құрамды өз жауапкершілігіне ала отырып, міндеттерін толық әрі тиянақты атқарып жүр.





1 курс курсанты

Бакбаева Аида