«Ұлы даланың ұлттық тарихы» атты мұражай сабағы

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 27 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті.
2018 жылы 13 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына орай,  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 306 оқу тобының курсанттарына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы даланың ұлттық тарихы» атты мұражай сабағын өткізді.
Іс-шара барысында мұражай қызметкерлері «Ұлы дала құпиялары» құжатты фильмін көрсете отырып, Елбасы мақаласының басты бағыттарын түсіндірді.






306 оқу тобының кураторы

полиция капитаны А. Ғалым