Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Мөлдіреген  жастардың жас жанары,

Жақындатты бір күш біздің араны.

Алаңдағы еш қорғансыз жас қыздар,

Тепкіленіп ауыр халде барады.

Жас жігіттер астында қап сойылдың,

Бас жарылып мұрыннан қан қанады.

Түк кінәсіз алаңдағы жастардың,

Тек еркіндік еді, сонда талабы.

Қазағымды құл еткісі келгендер,

Қайран елді қасқырдайын талады.

Ұлтым елім жерім деді жас боздақ,

Болсадағы дене қанша жаралы.

Қыршын кетті я сонда қанша адам,

Болмай ешбір тірі қалар амалы.

Бұл күнге дейін қазақ нені көрмеді,

Есті талай қиын күннің самалы.

Жер бетінен  жойып жібере жаздады,

Жаудай көрді әрбір қазақ баланы.

Жаратушым тигізіп зор нығымет,

Тәуелсіздік айтылды ғой зор әні.

Өз еліңді өз перзентің басқарып,

Ақырындап аяққа тұрып барады.

Ал бырақта өткен тарих өткен күн,

Көңілімізде мәңгілікке қалары.

Еркіндікке себепкер де болған сол,

Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

2 курс курсанты

Ерболат Лашын