Қазақ болсаң

Қазақ болсаң

Қазақ болсаң  иманды бол текті бол,

Өсиет етіп кеткен бабам сол арман.

Қазақ болсаң Жәнібек бол Керей бол,

Құрылған ұлт, өскен ұрпақ солардан.

Қазақ болсаң Амангелді, Сырым бол,

Алаулаған ұлттық сезім жанардан.

Қазақ болсаң Құрманғазы, Біржан бол,

Өткір тілмен тәуекелге бара алған.

Қазақ сондай текті халық ержүрек,

Алшақ болған ежелден сұм харамнан.

Қазақ болсаң Абай, Мұхтар, Мағжан бол,

Алашыма нұр әдеби арыстан.

Қазақ болсаң Қажымұхандай қайсар бол,

Күш қуатын алған асыл барыстан.

Қазақ болсаң Бауржан бол, Талғат  бол,

Өткен қатал өмір дейтін ағыстан.

Қазақ болсаң Оразәлі, Бекзат бол,

Олар нағыз бек дарабоз жарысқан.

Қазақ болсаң Рысқұлбеков Қайрат бол,

Өліп кеткен өршіл рухты намыстан.

Қазақ болсаң Тоқтар, Талғат, Айдын бол,

Жолды жалғап хабар алған ғарыштан.

Қазақ болсаң Қонаевтай дара бол,

Болашақ деп талай дертпен алысқан.

Қазақ болсаң Нұрсұлтандай кемеңгер,

Көшті бастап келе жатқан данышпан.

Қазақ болсаң Шырақбектей алып бол,

Атындағы асқар білім ордадан.

Болашаққа жас курсанттар сан ұшқан.

2 курс курсанты

Ерболат Лашын