Академия курсанттары тәжірибе алды

Желтоқсан айының 10-ы күні Қостанай қаласының «Еңбек» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы, Қостанай облысының жастар арасында самбо күресінен аға жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері, полиция майоры Кабидуллинов Ержан Айтбайұлының ұйымдастыруымен академияның курсанттарына Жайық өңірінің тумасы, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және әлем кубогінің бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өте білікті де тәжірибелі спортшы Оңдағанов Медет Ғалымұлы келіп, өзінің спорттық өмірінде жинақтаған тәжірибелерін көрсетті.

Оңдағанов Медет бауырымыз курсанттарға тәжірибелік сабақ өту барысында әуелі жалпы жаттығу жасатып, денелерін ыстық ақ-қара тер қаптағанша қыздырып, әдістерді жасауға дайындады. Артынша денені суытпай самбо күресінің күрделі әдістерін, сонымен қатар өзінің өте жиі әрі ыңғайлы қолданатын сүйікті әдістерін мұқият көрсетіп, оның қандай айла-тәсілдермен жасалатынын, қандай жағдайда қалай қолдану керек екендігін және қалай жасаса ыңғайлы болатындығының толық қыр–сырларын айтты. Сондай–ақ осынау аталмыш әдістердің дұрыс әрі ойдағыдай шығуы үшін спортшы әуелі ішкі рухани тұрғыда өз-өзіне өте сенім болуы керек және сол әдіс өз деңгейінде дұрыс әрі толық шыққанша аянбай еңбек ету керек екендігін түсіндіріп,  курсанттардың саналарына сіңдірді. Медет бауырымыз курсанттардың қазіргі аяқ алыстары мен еңбекқорлығына дән риза болып, Ержан Айтбайұлына үлкен алғысын білдірді.

Осынау тәжірибелік іс–шараға: Спорттық самбо күресі мен жауынгерлік самбо федерациясының басшылығы, жаттықтырушылары, спортшылары және көрермен қонақтар қатысып, жоғарғы бағасын берді. Бұл іс-шара алдағы айтулы төл мерекеміз Тәуелсіздік күні қарсаңында арнайы федерация тарапынан ұйымдастырылып жатқандығын айтып, құлақ қағыс етеміз.  Мұндай тәжірибелік сағаттар бұл жылы осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Ал курсанттар федерация жетекшісіне және өкілдері мен жаттықтырушыларына аталмыш тәжірибелік сағаттарды ұйымдастырғаны үшін шексіз алғыстарын айтып, сонымен қатар осындай тәжірибелік алмасулардың арқасында өте көптеген тәжірибелер жинақтап, спортта біршама нәтиже көрсетіп, жетістіктерге жетіп жатқандықтарын жігерлене айтты.

Тәжірибелік іс-шара соңында Медет бауырымызға алтын уақытын бөліп келгені үшін үлкен алғыс айтып, федерация тарапынан біршама сыйлықтар табыстады.

Оңдағанов Медет баурымызда өз кезегінде федерация президенті Ермағанбетов Нұржан Бегайдарұлына сыйлық беріп, төс қағысты. Алдағы уақыттарда, дәлірек айтқанда, келер жылы жол түсіп жатса Медет бауырымыз өзінің спорттағы әріптесі, кілемдес бауыры, 4 дүркін әлем жеңімпазы Байбатров Ерболатты да алып келуге уәде берді.




4 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан