Жас таланттар фестивальі

Ағымдағы жылдың 6-шы желтоқсан күні 1 курс жеке құрамының 5-ші және 8-ші взвод курсанттары  Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайында  өткізілген Жас таланттар фестивальіне барды. Фестивальдің өткізу мақсаты жаңа жас таланттарды  Қостанай қаласында ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне таныту. Біздің курсанттар аталмыш фестивальді көре отырып, көңілдері сейіліп, күнделікті өмірден демалып қайтты. Жалпы ісшара өткізу барысында патриоттық әндермен қоса би және ерекше нөмірлерімен таңқалдырып өнерлі таланттар шықты. Қостанай қаласының өнерпаздары өздерінің керемет дайындығымен, таудай талаптарымен залда отырған көрермендердің жүрегін жаулады. Байқаудың деңгейі қазықты тың идеялардың жиынтығына айналып, одан ерекше сезім алық. Қатысушылар жетістіктерінің деңгейін анықтау және бағалау, тәжірибе алмасуға жағдай жасау, ұлттық құндылықтарды арттыру секілді ауқымы кең мәселелерді қозғай отырып, бір мақсатта жасалған, ісшара жоғары деңгейде болды. Кеш соңында, жеңімпаз атағына сай деп тандалып, озып шыққандар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен мараппатталды. Осындай керемет ісшараны көруге мүмкіндік жасаған курс басшылығына алғысымызды білдіреміз.





1 курс курсанты

полиция қатарындағы

Бакбаева Аида