«7 граней Великой степи»

2018 жылдың 5 желтоқсанда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани Қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай суретшілерінің «Пленэр – 2018» көрмесінің ашылуында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары болды.

2018 жылы Қостанай суретшілері облыстың Амангелді, Қостанай, Меңдіқара аудандарында болды. Суретшілер табиғатта жұмыс істеп, оның әртүрлі уақыттардағы өзгерістерін бақылап отырды. Осы сапарлардан алған әсерлерін суретшілер өз жұмыстарында бейнелеп көрсетті. Пленэр — бұл суретшілердің қылқаламды шебер қолдануы, әр құбылысты қас-қағым сәтте бақылау және бастапқы көріністі аз уақытта дәлме-дәл бейнелеу. Суретшілердің әр жаңа жұмысы көрермендерді қуантады.

«Пленэр – 2018» көрмесіне қостанайлық суретшілердің Амангелді Имановтың штаб-пәтері орналасқан Үрпек кенті, «Құмкешу» жерінің құмдары, Тасты Орал кентінің жасыл ландшафты, тағы да басқа жерлерден алған тың әсерлерінен туындаған жұмыстары, этюд, суреттемелері қойылды.

5 декабря 2018 года в рамках реализации подпрограммы «Рухани казына» программы «Рухани жаңгыру» открылась выставка костанайских художников «Пленэр -2018» на которой побывали курсанты Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева.

В 2018 году костанайские художники побывали на пленэре в трех районах области: Амангельдинском, Костанайском, Мендыкаринском. Они работали на природе, всесторонне наблюдая за ее изменениями в различные часы дня. Полученные впечатления в результате этих поездок художники отобразили в своих работах. Пленэр — это мастерство владения кистью, моментальная реакция и великолепная память первого впечатления, на передачу которого отводится крайне мало времени. Каждая новая работа художников — это зрительский праздник.

На выставке «Пленэр -2018» экспонируются произведения, этюдные работы, зарисовки художников с тех памятных мест, которые они посетили, это, например, поселок Урпек, где был расположен штаб Амангельды Иманова, пески местности «Кумкешу», зеленые ландшафты поселка Каменск-Уральский и многое другое.

110 және 306 оқу топтарының жетекшілері

полиция майоры Базарбаева А.Б., полиция капитаны Ғалым А.М.