Мұз алаңына серуен

Қостанай қаласының тыныс — тіршілігімен жақынырақ танысу және топ жетекшісімен курсанттар арасындағы достастық пен қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2018 жылы 25 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 208 топ курсанттарымен кезекті сейілдемеге шығу ұйымдастырылды.

Топтағы іс шараларды өткізудегі басты мақсат: топтағы курсанттармен жетекшінің қарым-қатынасын нығайту, бос уақыттарын ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтеру.

 Бұл денені сауықтырып, шынықтыру ғана емес, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер әкеледі.

Мұзда коньки мен сырғанау  денсаулыққа жақсы. Бұл өте күрделі спорт түрі. Сырғанау сағаты жүгіру сағатына оңай ауыстырады. Мұз айдынында уақыт жылдам өтеді.

Қорыта айтқанда, 208 топ курсанттары сейілдеме уақыттарын керемет көңіл — күймен өткізіп, осындай қызыққа толы сәттер үшін кураторларына алғыс білдірді.

 

208 топ курсанттары.