Қазақстан Республикасының бірінші Президенті күніне арналған зияткерлік сайыс

29.11.208 жылы Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнап күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттарымен зияткерлік ойын ұйымдастырды. Ойын республикамыздың тарихын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын және білім беру саласын қамтитын 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең «Шырқау», онда қатысушылардың зеректілігін анықтайтын сұрақтар қойылды. 2 кезең «Жебе ату» деп аталды, онда қатысушылардың жан-жақты білімдері анықталды. 3 кезең «Танып біл», бұл кезеңде қатысушылар Қазақстанның тарихындағы тұлғалар мен қоғам қайраткерлері туралы сұрақтарға жауап берді. 4 кезең «Жанды сұрақ», мұнда оқу орнының білікті мамандары қойған сұрақтарға жуап берді.



Ойын тартысы өтіп, 1 орынға 102 топ курсанты Қуандық Ердәулет, 2 орынға 101 топ курсанты Сержан Хундыз, 3 орынға 104 топ курсанты Сақтаған Аружан қол жеткізді. Жеңімпаздар Академия басшылығының грамоталарымен және мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасы