Сыбайлас жемқорлықты алдына алу мақсатында 5 минуттық тренинг жаттығуы

Тәуелсіздігімізге жиырма жеті жылда болып қалыпты, келешегіміз жарқын болып, туымыз қыран бүркіттей қалықтаған сайын, еңсеміз биіктейді. Сол көкірегімізге оттай жылу беретін де, абыройымызды асқақтататын да болашақ ұрпағымыз, жалындаған жастарымыз. Ал қазіргі ІІО қызметкерлерінің жас ұрпағы ол – курсанттар екені бәрімізге айдай анық. Әрине, курсантқа тәлім-тәрбие беретінің бірі ол – кураторлар. Курсанттарда ІІО қызметкерлері болғандықтан адалдықты, абырой мен адамгершілікті бойына сіңіріп, ақылмен басты мақсат ретінде санасына тоқиды.

Адалдық деген де ең бірінші ойға келетін бір мақсат ол – адал полиция қызметкері болу. Осы тұста патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында «Жемқорлыққа қарсы іс – қимыл — әрбір азаматтың міндеті» атты кураторлық сағатты “Айна” атты астарлы әңгімесімен ұштастырдық. Кураторлық сағат                   5 минуттық тренинг жаттығуы ретінде  КОФ 4 курс 402 және 408 оқу топтарында өтті.

Әңгіме барысы былай басталды:

Ертеде бір дана адамға сұрақ қойыпты:

– Не себептен кедейлер байларға қарағанда сәлемдері түзу және сараң емес?

Сонда дана адамның айтқаны:

– Терезеге қара, не көріп тұрсыз?

– Ағашты, аспанды, аулада балалар ойнап жүр.

– Ал енді айнаға қара. Не көріп тұрсыз?

– Әрине өзімді.

– Міне, көрдіңіз бе? Айна да, терезенің де әйнектері бір шыныдан жасалған, бірақ әйнекке сәл күміс жалатса – адам тек қана өзін көреді…

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева