Жауынгерлік самбоның шымырлары

2018 жылы қараша айының 22-24 күндері аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Спорт кешенінде жауынгерлік самбодан  23 жасқа дейінгі жастар арасындағы   Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Еліміздің барлық аумақтарының үздік спопртшыларының басын қосқан аталмыш жарыстың негізгі мақсаты 2019 жылы өтетін әлем чемпионатында  еліміздің намысын қоғайтын Ұлттық құраманы жабдықтау болды. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарыда бұл жарысқа қатысып, өздерін тек құқық қорғау саласында ғана емес, республикамыздың үздік спортшыларының қатарында екенін кезекті рет дәлелдеді. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай академиясы курсанттарының барлығы 2 алтын, 2 күміс,  2 қола медаль иеленді. Жарыс барысында Күдірбек Болат пен Серік Абылайнұр ерекше көзге түсті. Аталған екі спортшы Қостанай академиясының  402 оқу тобының курсанттары. Республикалық  дәрежедегі жарыста  Күдірбек Болат 100+келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, «Спорт шебері» нормативін орындаса, ал Серік Абылайнұр  90 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 3 орын иеленіп, «Спорт шеберіне» үміткер атанды. Осыған байланысты кураторлық сабақ аясында, тағы бір рет спорт тарландарымызды құттықтап, құрмет білдіріп, жылы лебіз тілектерімізді жеткіздік. Болашақта барлық курсанттарымыз Академиямыздың намысын қорғап, абыройын көтеріп, спорт төрінен көріне берсін!

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева