Менің үш бақытым: Туым, Елтаңбам, Әнұраным!

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз қажет. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы», — дегені уақыттың қатаң талабы. Еліміздің тәуелсіздік жолында қаншама қиындықтарды басынан кешіргендігін  біздер, жастар естен шығармауымыз керек деген сөзіне терең үңіліп, курсанттарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге және Қазақстан Республикасының рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, рәміздерге зор құрмет шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру киелі қазына ешқашан есте шығармау қажет екенін 402 және 408 оқу тобында кураторлық сабақ аясында тағы да тоқталып кеттік.



Біз  үшін ел рәміздерінің орны ерекше болуы қажет. Тәуелсіздігімізге аяқ басқан кезеңде төл рәміздеріміз дүниеге келгендігін естен шығармайық. Тіпті осы рәмізіміздің үшеуі де әр адамзаттың бақытты болып саналуы қажет. Сондықтан үш бақытымыз бақыттың төрінен көріне берсін!!!

402 топ кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

 

408 топ кураторы

полиция аға лейтенанты Н.Турсумбаева