Театрға саяхат

109 взвод жеке құрамы ағымдағы жылдың 24 қазан күні курс басшылығынан марапаттау ретінде Қостанай қаласындағы қазақ драма театрына барып, сейілдеме жасап келді. Сейілдемеге шығу мақсаты, курсанттардың демалып, рухани жағынан жетілу. Өз міндеттерін адал, әрі жоғары дәрежеде орындағаны үшін курс басшылығы бізге бар мүмкіндікті жасады. Ромео мен Джулетта қойылымын тамашалап, бейне бір сол уақытқа түскендей күй кештік. Бір жағынан рухани азық жинап, күнделікті өмірден біраз демалып қалдық. Әлем әдебиетінің патшасы болып саналатын бұл туындыдан ешқандай сезім шығу мүмкін емес. Шетел әдебиеті тарихымен терең танысу бізге әдеби сауаттылығымызды арттырумен қоса, жаңа әлемнің есігін ашты. Трагедияда екі өз ара дұшпан отбасында дүниеге келіп, ер жетіп, бой жеткен және кездейсоқ бір-біріне ғашық болған қос тараптың аянышты трагедиясы баяндалады. Осындай әдемі көріністі көруге себепші болған курс басшылығына алғыс айтамыз.

Аида Бакбаева

полиция қатарындағы 1 курс курсанты