1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні

 1 желтоқсан — Қазақстан халқының Тұңғыш Президент күні.

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні курсанттарға Елбасымыздың өмірі мен  білім алған жерлері туралы бейнежазба көрсетілді. Бұл жастарымыздың Ұлт көшбасшысының өмірінен үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу. 1991 жылдың 1 желтоқсаны халқымыздың тарихында айтулы күндердің бірі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап, осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерімізді көрсете отырып, ұлттық патриоттық рухты  көтеріп, курсанттардың бойына ерекше сезім орната білді деп ойлаймын. Бейнебаян көрсетілім барысында жалпыұлттық оқиғалар мен маңызды стратегиялық бағыттарды да қамтып өтті. Мемлекет басшысының келер жылдарға жалпы болашаққа жасалатын жұмыстары да кеңінен талқыланып, жаңа стратегиялық бағытты ашып көрсетті. Курс бастығының орынбасары А.Ж. Даушев бізге жетекшілік ете отырып, барлығымызға  алдағы мерекенің маңызын түсіндірді. Осындай керемет мүмкіндік жасап, бізге тәрбие жұмыстарын өткізгені үшін курс басшылығына алғыс айтамыз.

Аида Бакбаева

полиция қатарындағы 1 курс курсанты