Театр сахнасында

Өткен жұма және сенбі күндері Ілияс Омаров атындағы Қазақ драм театрында “Ромео және Джульетта ” — Англия елінен шыққан Уильям Шекспирдің трагедиясының премьерасы өтті.

Көрермен ретінде, 109 оқу топ курсанттары да болды.

Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі. Қазақ өнерінің қара шаңырағына  бару мақсаты, әр курсант  өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады. Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі, біреулердің айтқан сөздерінен өзінің дауысын, үнін естуі әбден мүмкін.

Қойылымда актерлер шеберлікпен ойнап, келген әрбір көрерменнің жүрегіне жол тапты. Ең ерекше тұсы – музыкалық фон. Идея қоюшы режиссердің ойы, аударма авторының сөз саптауы, музыкалық сүйемелдеу, киімдердің үйлестірілуі – бір-бірімен үндесті. Әсіресе, Ромеоның достары Бенволио мен Меркуционың әзіл-қалжыңы аралас ойындары көрермендерге күлкі сыйлады.

Шекспирдің бұл трагедиясы әлемдік сахналарда сан мың рет қойылған.

Трагедияда  екі өзара дұшпан  отбасында дүниеге келіп, ер жетіп, бой жеткен және кездейсоқ бір-біріне ұшырасып, ғашық болған Ромео мен Джульеттаның аянышты  тағдыры хикаяланады. Қалайда үйленбек талпыныстары ақыры қайғы-қасіретпен аяқталады. Адам бойындағы менменшілдік, пендешілік қасиеттердің айналасына әкелер қайғысы аз ба?

Теардың жас актерлерінің жалынды ойынымен көркем қойылымның бір идеясы – жаулық, өшпенділік  атадан балаға мирас болмауы тиіс, деген оймен айқын және анық көрсетілді.

Тамаша қойылымнан кейін 109-топ курсанттары ризашылығын білдіріп, өздеріне ой үшін азық алып, бір-бірімен пікір бөлісті.

109 оқу топтың жетекшісі

полиция майоры

 Кинжебаева Л.