«Рухани жаңғыру төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның дамуының басты факторы ретінде» тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалының қабырғасында «Рухани жаңғыру төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның дамуының басты факторы ретінде» тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған өңірлік конференция қоғамдық санада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау деңгейін арттыруға, ұлт бірлігін қамтамасыз етуге және қазақстандық патриоизмді нығайтуға бағытталған.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, профессорлық-оқытушылық құрамы, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар қатысушылардың арасында арнайы қонақ ретінде академик, профессор, философия докторы, «Нұр Отан» партиясының ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан халықтарының Ассамблея кеңесінің ғылыми-эксперті Қазбек Майлыбайұлы Қазкенов және әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Омарұлы Артықбаев шақыртылып, қатысушылармен жаңашыл әрі өзекті ойларымен бөлісе отыра, өздерінің дәйекті сөдерін жеткізді. Конференцияның пленарлық отырысында конференцияның келесі бағыттары талқыланды:

  1. Сананың ашықтығы: жаңа технологиялық тәртіп жағдайында ғылым мен

білімнің даму болашағы;

  1. Ізгілікті қоғам азаматтарын қалыптастыру: заманауи университеттердің

миссиялары;

  1. Ұлттық кодты сақтау Қазақстанның рухани жаңғыруының маңызды

факторы ретінде;

  1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік:XXI ғасырдың жаңа білімі мен

интеллектуалдық әлеуетіне шоғырлану;

  1. Болашақтың дамуы үшін қазіргі заманғы ғылымның жетістіктері мен

интеллектуалдық әлеуетіне шоғырлану;

  1. Цифрландыру – елдің эволюциялық дамуының басты бағыты.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар басты бағыттарды талқылап, әрбір сала бойынша тиімді ұсыныстарын ұсынды. Сонымен қатар өткізілген конференция бойынша жинақ жарық көрді, 120 баяндама жарияланды.

Аталмыш ғылыми конференцияда Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 оқу жылындағы магистранттары ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік дамуының бағдарламалық құжаттарын қолдауын және іске асыруға дайын екендігін білдірді.

1 оқу жылындағы магистрант

әділет аға лейтенанты

М.Ә. Қабай