Олимпиада жедел-іздестіру қызметі кафедрасында

ЖІҚ кафедрасы апталығы шеңберінде 2018 жылғы 22 қарашада ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Арнайы техника және ақпараттық қауіпсіздік» пәні бойынша жедел-іздестіру қызметі кафедрасында төртінші курс курсанттары арасында олимпиадалық сайыс өткізілді.


Сайыстың сапалы және әділ өтуі үшін әділ қазылар алқасы қатарына  2курс магистранттары әділет капитаны А.Мырзазияев шақырылды.

Сайысқа қатысып отырған әр курсантқа құпия іс жүргізу аясында тапсырмалар берілді. Олимпиада сайысы жоспарланған бағдарламаға сәйкес қызу және бәсекелі түрде өтті.

Сайыстың қорытындысын тәжірибелі қызметкерлер қорытындылап шешім шығарды.

Курсанттар өткен оқу бағдарламасын естеріне түсіріп қойылған сұрақтарға жылдам және сапалы жауап беруге тырысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз болды: Арнайы техника және ақпараттық қауіпсіздік (орыс тілінде)

1 орын –Сатанова М. (410 топ курсанты)

2 орын –Досанова З. (410 топ курсанты)

3 орын –Горохова А. (410 топ курсанты)

ЖІҚ кафедрасы шын жүректен  жеңімпаздарды құттықтайды. Жарыста болған тапсырмалар біздің курсанттарымызға тәжірбиелік қызметте қажет болады деп үміттенеміз.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

А. Шаймуханов