Учаскелік полиция инспекторының қызметімен танысу

2018 жылы 08 қараша күні Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің  302 оқу тобы курсанттарының теориялық білімі мен тәжірибені тереңдету және нығайту мақсатында, «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет» пәні бойынша академияның «Оңтүстік» базалық оку учаскелік  полиция пунктінде тәжірибелік сабақ өткізілді. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бағдат Аманжолұлы Жансугуров курсанттарды әкімшілік істермен, профилактикалық есепте тұрған  азаматтардың тізімімен  учаскелік инспектордың төлқұжатымен, әкімшілік хаттама толтыру үлгілерімен, іздеуде жүрген хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың, іздеуде жүрген қылмыскерлердің бағыттамаларымен, қызмет етіп жатқан учаскенің сызбасымен таныстырды.

Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, құқыққа қарсы қол сұғушылақтардан өз меншігін қорғау сұрақтары бойынша заңдарды және басқа да құқықтық актілерді түсіндірді. Тәжірибелік сабақ  курсанттар үшін өте қызықты да пайдалы болды.


Учаскелік инспектор  жас тәртіп сақшыларына өздерінің мамандықтары үшін қажетті патриотизм мен антқа деген адалдық сияқты сезімдердің тәртібін жеткізді. Қазіргі полиция қызметкерлері бұрынғы ұрпақтың полициясынан ерекшеленеді. Бүгінгі күні құқық қорғау органдарында қызмет атқару үшін терең ізденіс пен білімді қажет етеді. Сабақ соңында, полиция капитаны Б.Жансугуров  болашақ тәртіп сақшыларына  оқуларына  сәттілік тіледі.

Әкімшілік құқық және

әкімшілік қызмет кафедрасының

аға оқытушысы полиция майоры

Д.Қалқаманұлы