ПОЭЗИЯ ЦАРИТ В НАШИХ СЕРДЦАХ

Наша Академия полна скрытыми талантами. Кто-то умеет петь, виртуозно играть на музыкальных инструментах, для кого-то кисть, краски и мольберт лучшие друзья, есть те, кто хорошо чувствует ритм музыки и прекрасно может двигаться в такт ему. Одной из главной задач Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева является реализация потенциала курсантов. Для достижения этой цели, как в стенах Академии, так и за ее пределами наши воспитанники принимают участие в различных творческих конкурсах и состязаниях, показывают свои таланты и умения.
19 ноября в актовом зале Академии состоялся поэтический конкурс, в котором приняли участие лучшие поэты 1-4 курсов. Данный конкурс был приурочен дню Первого Президента Республики Казахстан Н.Назарбаеву и дню Независимости Республики Казахстан. Задания для конкурсантов были не простыми. Перед ними стояли задачи: представить вниманию жюри и зрителей визитную карточку в поэтической форме, написать стихотворение об Астане, о лидере нации Нурсултане Назарбаеве. Завершающий этап состязания подразумевал собой следующую задачу – написать стихотворение без предварительной подготовки на тему, которую назовут жюри. Выбор жюри пал на тему «Будущее».
Мероприятие проходило позитивно и радостно. Любой конкурс подразумевает некое состязание, и чтобы его судить, нужны компетентные люди. Именно такие, знающие и справедливые, вошли в состав жюри – старший преподаватель кафедры государственно-правовых дисциплин майор полиции Смагулов М.К., старший преподаватель кафедры языков майор полиции Бекжанова Е.Н. и преподаватель кафедры языков Культаева А.К.
Невозможно распределить места среди участников. Ведь каждый из них писал свои стихи с душой и чувством, каждый приложил максимум усилий для этого и у каждого из них свой стиль. Перед жюри стояла непростая задача — выбрать для каждого конкурсанта определенную номинацию. Участникам удалось заворожить слушателей и членов жюри артистизмом и тонкостью чтения своих произведений.
По решению членов жюри каждому конкурсанту была присуждена номинация.

Руководитель духового оркестра
отдела воспитательной работы
майор полиции Тулубаев Т.С.
Курсант 2 курса, рядовой полиции
Гареева Камила

____________________________________________________________________________

«Таныстыру»

Адам өзен ағып жатқан тоқтаусыз,

Бүгін жоқсыз ертең мүмкін сіз барсыз.

Біреулері бақыт құсын қондырып,

Ал біреіуін сынап жатыр аяусыз.

Дүниеге сәби болып пәк келген

Жарық анан бұл өмірге әкелген

Жаратылған махаббаттан,жылудан

Ата-анан ай мен күнді әперген

Туған жерің туып өскен кең далаң

Кұшағында саялаған мен балаң

Тарихынан мың ғасырлық сыр шерткен

Қазағымның ерке қызы мен болам

Тектілігін ру мен жүзден таныған

Артық көрген ар-ожданың бағынан

Руым Нияз,орта жүздің тірегі

Ерлері өр,кыз дары жыр,нұр болған.

Ата-анаң тірегін өмірдегі

Тәрбиемен жас күннен өрімдеді

Өмір берген,жас күннен мәпелеген

Әкең,анаң жылуы көңілдегі.

Жолын қуып,әке ізін жалғаған,

Өз өмірін құқықтарға арнаған

Кішкентайдан заң жүйесін ерте естіп

Махаббатпен мамандықты таңдағам

Қарағанды туған өлкем мекенім

Тарих болған жүз ғасырлық ертеңім

Сендей құтты жер қойныныда туылған

Сірә басқа армандарым жоқ менің

Өлмейтін сезім өзіне деген тып-тынық

Қоймаспын енді өзімді жатқа жықтырып

Сүрінбей жүрген өмірдің болмас мықтысы

Сүрінген жерден қайтадан тұру мықтылық

Шумағы шырақ төгер алты дастан

Сөзінде салмақты ой қалыптасқан

 1 курс курсанты Бакбаева Аида

 

«Астана — арман қала»

Астана жайлы болсын бұл тақырып

Дастан өрем алтыннан сырла тұрып

Астанам басқалам шың, бас қамалым

Әр тасын тұмар етем құнын біліп

Естуші ек атын емес Ақмоланың

Естуші ек арқа жайып ақ бораның

Мүмкін емес дәлелдеп мойындатқан

Айбыны арта берсін Астанамның

Астанам айналайын тілсіміннен

Атын бар сақ пен ғұннің тілі сінген

Анкара,Париж,Қытай адыра ғап

Астана деп сені айтады түркі біткен

ЖауҺар қалам жолында жоқ таласы

Оған кепіл кеп көрген ел-сарапшы

Өңірі бай,өзі жас жырлы Астанам

Бар құрлыққа танытты алты алашты

Елім жайлы кеудем жатыр тынбай жыр

Мол шапағат Алладан бұйырған нұр

Елу жылда ел жаңа десе бабам

Астанама не бәрі жиырма жыл

Арманшыл адамдар ақ армандайтын

Болашаққа бұлытсыз жол сал айқын

Қозыдай қарапайым қазағыма

Жол сілтер қараңғыда жарық айсың

Болар ма арналса саған әр күй,ән

Ұрпаққа үлгі жан ұям менің сән ұям

Ығымен емес тіліменен жыр туса

Арнасы сырлы,Арыны жырлы Дариям

1 курс курсанты Бакбаева Аида

 

«Елбасы»

Екпіні қатты,еңбектеп жүрген баладай

Өлеңім қалды кәдесіне де жарамай

Шабытым қайда кететін ылғи шаттанып

Таусылды әбден таусылды қайтем шарамай

Арнадым өлең қазақтың қайсар ұлына

Тектілік сөзін тиек еттім мен жырыма

Бәрінен бұрын ұлтынның мынау тағдыры

Тапсырған бабам бойына ұлдың шынында

Елбасым,елдің басы,ардақты адам

Бастама бағытынды қолдап ғалам

Жетелеген елімді мұғңараға

Сол үшін халқын сені ардақтаған

Арайлы еркіндіктің таңы атты

Шырайланып ұясына күн батты

Келер күнге көз ілген тояттанып

Ұйқысына тып-тыныш елім жатты

Өйткені алға басқан қадамы бар

Келешегі кемелді заманы бар

Елі үшін өр туған Нұрсұлтандай

Сенім артқан жкрінің адамы бар

Қазағымынң көк туы желбіреген

Әр қазақтың жүрегі елжіреген

Елімнің келешегі үшін қазір

Болашаққа бастар жол келді дер ем

Үндесіп бейбіт өмір сүріп жүрміз

Күн кешіп тыныштықтың қалқасында

Кереген өзгелерден биік боп тұр

Көреген елбасның арқасында

1 курс курсанты Бакбаева Аида

___________________________________________________________________________________

Видео:
Таныстыру Абылай мен Аида

___________________________________________________________________________________
«Таныстыру»

 Бісміллә жырдың болсам ас таласы

Айтыстың сөйлесе бір жас баласы

Қостанайлық ардақты ел аманбысың

Ертеңгісін ерте тұрып ойлайтындар

Бабаңның қаныменен жеткен бізге

Қазақтың құтты жерін жайлағандар

Қазақтың ақын туған баласымын

Жылқыдан жүйрік туған аласымын

Бәйгеден теңдік алған мен бір жүйрік

Қазақтың дара туған дарасымын

Таныстырсам өзімді кіші жүзбін

Тындайындар жақсылап құлақ түргін

Ата анам Павлодарды мекен еткен

Аңсаған мұратына сонда жеткен

Ата жұртым Павлодар асыл жаным

Даламды жұпыны деп қарамағын

Жаяу Мұса ,Мәшһүр Жүсіп,Торайғырдай

Киелі жатыр мұнда бабаларым

Сыналған шың жүйрікте мін болмайды

Ойы өткір біреуге күн болмайды

1 курс болсамда шығып тұрмын

Ағайын күш атасын танымайды

Өз жайымды айтып көп не қылайын

Оданда өнеріммен таң қылайын

Жұртқа үлгі,үлкенге өнеге болып

Сахнада керемет сән құрайын

1 курс курсантыУрдабеков Аблайхан

«Астана»

 Қол жеткен арман, тәңірдің жетіп сыбыры

Тәуелсіздіктің қалғандай берік,биік тұғыры

Сарыарқадай кең даламды жайлап келген

Астанам арман қалам балаң сенген

Жүрегі елдің бұзылмай келген қаймағы

Тілеген бағы алаштың алты аймағы

Еңселі ордам самұрық құстың ұясы

Елдігім менің ерліктің мәңгі айғағы

Бәйтерек құсап көрсеткен көкке тағылым

Есілдей аққан бірқалыпты етіп ағынын

Шежірем тұнған астана деген бір сөзде

Тарих бар тұнық тереңге жайған тамырын

Астана далам осалдық аяқ баспаған

Бостандық көші Жәнібек Керей бастаған

Ұраны менен таңбасы талай батырдың

Көгілдір туы Абылайхандар қостаған

Қазақтай қабырғалы елім мықты

Кеудесі толған байлық жерім құтты

Жас болсада кеудесін көкке созған

Күллі әлем мойындаған елордамды

Өмірге әкеп ғұмыры шексіз қағанат

Бір алладан үзбеді күдер жамағат

Төгілген қан мен көз жастың қазық түйіні

Астанам менің елбасым салған ғаламат

1 курс курсантыУрдабеков Аблайхан

«Елбасы»

Қасым хан ,қасқа жолмен ел бастаған,

Есім хан, ескі жолмен із тастаған.

Бүгінде жаңа тарих беті ашылып,

Нұрсұлтанның қасқа жолы жарқыраған.

Елдігімнің сыны көп жолдарында,

Қалың қазақ  дағдарып қалғанында .

Түнектен елбасымыз елді бастап ,

Жеткізді аңсап жүрген арманына.

Күн астында көк туым желбіреді

Елім деген жүрегім елжіреді

қиын күнде халқына демеу болған

Нұр атамның ерлігін ел біледі

Халқымыздың бірлігі жарасатын

Бізге берсін бабалардың парасатын

Елбасымыз жолдауы арқасында

Елімнің ертеңіне жол ашылды

Нұрсұлтандай еріңнің арқасында

Тәуелсіз тәубелі атқан бүгінгі ақ таң

Кемеңгер елбасның абыройы

Бізге емес жалпы халық елге мақтан

Асқақтатып мәртебесін асқақ елдің

Халқымызды нұрлы жолға бастап едің

Күллі әлем мойындаған елбасыны

Асқарлы алатауға мен теңедім

насихаттап ата баба  ерлігін

Баянды еткен қазағымның елдігін

Бостандықтың биік қадап тұғырын

Ақтаған ол алты алаштың сенімін

1 курс курсантыУрдабеков Аблайхан

___________________________________________________________________________________

Презентация:
Презентация Белялова Дана

___________________________________________________________________________________

«Представление»

Добрый вечер офицеры и курсанты

Все участники приветствовать вас рады !

Но я сегодня по особенному рада

Так как выступать от имени второго курса большая награда

Если вы меня не знали

Меня белкою прозвали !

Каждый день с восьми утра

Строю девушек всегда….

Я проживаю курсантские годы

Утром подъем и бегу на учебу

Чтобы добиться в этой жизни высот

Я готова трудится круглый год

Я о себе расскажу объективно-

Умна, весела и во всем позитивна.

Хочу быть всегда под номером первым,

Чтобы младшей сестренке во всем быть примером.

Что про себя еще сказать?

Счастливой в жизни быть мечтаю

И вам того же ,всем желаю!

Курсант 2 курса Белялова Дана

«Президент Великой нации»

В тяжелое и трудное для народа время

Лучом надежды стал наш президент

Он Казахстан поднял с колен

Провозгласив суверенитет .

Но тут пришло другое время

И президент повел нас в бой

Мы встали на ноги , окрепли

И стали мы единою страной

Он направлял нас, помогал

Поддержкою для многих стал

В посланиях советы, наставления давал

И народ наш защищал

Я хочу сказать спасибо

За правление страной!

Курсант 2 курса Белялова Дана

«Астана — город мечты»

Астана город нашей мечты

С первых дней покорил мое сердце

Ты прекрасней Афин ,

Лучше нимф

Твоя музыка греет мне

Сердце…..

Астана город нежной любви ,

Город счастья и радости нашей

Ты украсил просторы

Бескрайних степей

Астана стала сердцем Евразии

Астана молодая столица

Твое сердце вольная птица

Твое сердце златоглавый орел

Ты во многом себя превзошел

Ты, надежда, ты пламя, ты наша награда!

Курсант 2 курса Белялова Дана

___________________________________________________________________________________

Видео:
Таныстыру Ерболат Л.

___________________________________________________________________________________

«Таныстыру»

Ұлы сөзбен осылай сөз бастадым,

Алып сөздің құдіретті таулы аспанын,

Курсанттан да ақындар шығатынын

Білсін бүгін қасымдағы жан достарым.

Қара сөздің кемеңгері болған екен

Кешегі Бауыржандай алмастарым,

Елбасы да өнердің өзегінде

Бүкіл ұлтқа үлгі болар таулы аспаным.

Ерболат Лашын мен болам

Ұрпағымын ерлердің

Аяулы ата-анадан

Ақыл мен ойды меңгердім,

Асқар алатау көмкерген

Алматы деген жерденмін,

Кербұлақ деген белденмін,

Беріктас деген ауылдан

Белімді буып келгенмін,

Рухы биік, ұранды

Алаш деген елденмін,

Ұлағатты үлкеннің

Тәрбиесін көргенмін,

Қаңға сіңген қасиет

Үстінде жүрмін қалықтап

Өнер дейтін өр белдің.

Өмірдің өшпес жалын отындағы,

Ішкі істердің айбынды асылдары,

Солардың бір тоқтаусыз қызметі

Бұл қоғамның қайнаған жасыл бағы.

Қапыда қаза болған халқы үшін,

Байтасов, Үнбетовтей батырлары

Халықтың бостандығын қорғау үшін

Мәңгілік бостандықта жатыр жаны.

Міні қандай батыр бар ішкі істерде

Мұңды көрген халықтың көз жасындағы,

Бүгінгі полцияның қалпы осындай

Жүректе рух, ой-сана басындағы.

Келешек сондай ерлер дайындап жатқан

Бүгінде академияда оқимын мен

Шырақбек Қабылбаев атындағы.

2 курс курсанты Ерболат Лашын

«Мақтанышым Елбасы»

Тәуелсіздік енді ғана келгенде,

Үміт жағын күдік жағы жеңгенде,

Сапырылып қоғамдағы қозғалыс

Сансыз даулар болған кезде ел жерде.

Қысымында қалып қоймай өзге елдің

Уәдесінде тұра білген сөздердің,

Қиын сәттен шығатұғын жол тауып

Болашаққа жан-тәнімен сенген кім.

Қан қақсатқат Семейдегі полигон

Құт береке қашқан кезде әр үйден

Халық жылап, ауыр тиіп жанына

Болған кезде әбден тозып зар имен.

Елі үшін елжіреген жүрегі,

Халық үміт артқан ердің біреді,

Сол полигон қасіретін жаптырған

Елбасы емей айтшы елім кім еді?

Ол елімнің алтын діңгек тірегі ,

Ұл мен қыздың қамын ойлап жүреді

«Болашақ» деп бағдарлама жасап беріп,-

Деді ұлтқа білім қазір керегі.

Жастарымды білім алсын, көрсін деп,

Қолтығынан бар күшімен демеді,

Дамылдаған дағдарыстың кезінде

Саясатын жүргізген ол төрелі .

Жүз мекетеппен жүз аурухана салдырған

Көшбасшымыз емей басқа кім еді,

Күллі әлемге ядросыз өмір деп

Кең ашылған жұдырықтай жүрегі.

Сирияның шешілменген сойқаны

Астанадан табылғандай бір емі,

OBSE  ге төраға болып елімнің

Абыройындай, асқақтығын тіледі,

Күллі елдің басшылары жиналып

Сөз сөйледі алға шығып білері

Кеңес құрып жатқан кезде АҚШ та

Аренадан қазақ тілін шырқатқан

Тұңғыш рет елбасы емей кім еді.

Осындайда көрінеді ұмтылып

Ұлтым деген көп мықтының,шын ері

Жүз қырық ұлт басын қосқан бір елде

Тапқырлық ол ойлай білсең жүйелі,

Мұндай ұтқыр Президент бұйырған

Біздің елдің маңдай бағы жүз елі.

Отын жағып өшкенменен сөнгеннің ,

Жер қазына қарашығы көздердің,

Екі алыптың  ортасында қасқайып

Шегараңды белгілетіп берген кім?

Жеткізгенде осы кісі арманға,

Ұшыратпай талай жерден жан-жалға.

Өшіп кеткен құндылықты қайтарып

Із салып берді ата жолын жалғауға .

Өзгелермен тереземіз теңесіп

Күнге жеттік қатар тұрып самғауға,

Елбасы ғой қазақта еш болмаған

Елордамыз Астананы салғанда,

Мақтана айтар әрбір қазақ баласы

Мақтанам деп қазақ болып туғанға.

Сөз беріліп бір шырқайтын келді күн

Елбасының елге істеген ерлігін .

Қанша айтсамда жақсылығын асырып

Біте алмаспын, таусалмаспын мен бүгін.

Сол жанашыр елбасымыз емес пе?

Түсінетін халық жанын, ел мұңын.

Дамып жатыр күннен-күнге күллі әлем

Осындай болып тұрғанменен жер бүгін,

Болашаққа бағдар құрып дұрысымен

Даму жолын таңдап соған ерді кім?

Елу елдің қатарына қосылып

Қазақстан қарқынымен өр бүгін,

Отыз елдің санатына кіруге

Құрып жатыр алты алашым теңдігін

Екі мыңның отызы мен елуін

Қабылдады сеніп соған ел бүгін,

Жүз қадаммен алға жүріп келеміз

Алдағы жол көрсеткендей кеңдігін,

Нұрлы жолым, нұрын шашып тұр тағы

Елбасыммен берік бүгін елдігім ,

Ұлтым жатыр рухани жаңғырып

Ақтарғандай  жетпіс жылдың шерлігін.

Қазақстан дейтін елдің көгінде

Бақыт дейтін үлкен алып келді күн,

Осы күнге ос таңға жеткізген

Көшбасшымыз елбасы емей енді кім,

Қой үстінде жұмыртқалап бозторғай

Ел көркейіп көрдік әсем жер гүлін,

Бағалайық елбасыны осындай

Құрметтейік істеген өр ерлігін.

2 курс курсанты Ерболат Лашын

«Ару қала Астана»

Еуразияның жүрегіндегі Астана

Болашаққа жаңа өмірге бастама,

Алты Алаштың ақ ордасы атанып

Құшағында жиғаны асыл дос қана.

Жиырма жылда кеңге жайды қанатын

Отансүйгіш жастарыма баспана,

Бұл уақытта танымастай өзгерді

Жауһар шаһар өркендеумен жас қала.

Жыр болып өлең сөзім жалғыз ғана

Уақытқа аяқ бастық ал біз жаңа,

Бүкіл әлем тамсанып бір өзіңе

Қарайды әлі саған сәл қыз ғана.

Астана атамызға арман мекен

Қайран баабам армандап қалған бекен

Бүгінгі Астананың түр келбеті

Бабамның арманынан туған бекен,

Сан ғасыр армандаған Алаш бабам

Әлемді жалт қаратты жаңа Астанам

Бірлікті байрақ етіп болашаққа

Келешек жастарыңа жол аш қалам.

Сарыарқа шіркін жұмақ даласындай

Керемет қой шіркін-ай жайнағаны,

Бірлік пен татулыққа жарасымдай

Нұрға бөлеп жіребер айналаны,

Сұлулық пен сымбаттың аясындай

Атар алдан елорданың таңдары әлі,

Астана аққу құстың қаласындай

Ақындар жатыр өлең арнап әлі,

Астана ертегінің қаласындай

Бүкіл әлем көз салып таңғалады.

Кеуедегі қуаныш тарқасын ба?

Астанадай ақ зәулім қалам барда,

Кеткен ұзақ атағы алты асуға

Жеткен даңқы көптеген замандарға,

Бәрі-бәрі елбасының арқасында

Жүрегімде қуаныш данам барда

Астана ұнайды ол кереметтей

Елімдегі барша-барша адамдарға!

2 курс курсанты Ерболат Лашын

 

___________________________________________________________________________________

«Таныстыру»

 Асалаумағалейкум  ұлы халқым

Қаймақтай сүт бетіне тұңған салтым

Қазағымның батысынан шыққан ақын

3-курс Алнашов Аслан менің атым

Ақын болып шындалған мен бар талап

Паш етейін өленімді, қарсы алшы мархаббат

Міне білдей аға буын ,сол  3-курсымның

Келіп тұрмын алдарына, абыройын арқалап

Өлен жаздым жастайымнан шабыттанып талпынып

Жыр жазайын өздеріне шын жүректен алқынып

Өлен жазу, күй тарту,ақын айтыс төл өнері

Нағыз мықты қаруығой осы қазақ халқымның

2016 жыл алыс кетіп ұядан

Енгезердей жігіт болып бос жүруге ұялам

Бала күннен елім үшін тірек болғым келген соң

Өз жанымды елім үшін ойланбастан қия алам

Бауыржан, Рахымжандай бар болған сон нар тұлғам

Ерліктері, батырлығы елі үшін артылған

Сол сияқты адал қызмет ету үшін еліме

Форма киіп қызмет етіп жүріп келем артыннан

Қару ұстап кезектеміз, нарядтамыз күніге

Шырақбектей батырлардың, ерліктері өнеге

Сол бабаның жалғар ізі бүгінде

Мына біздер курсанттармыз әрқашанда қызметте

3 курс курсанты Алнашов Аслан

 

«Астана»

Ерекше бір ұқсамайтын басқаға

Сұлу көркем,зәулім сарай баспана

Өзгелермен терезесі тең тұрған

Астанамыз  тамыры нық, жас қала

Даңқы шықпай жамбай бағы бар тайған

Көше қурап, қабырғасы ортайған

Астаналар көп әлемде ескірген

Мүжік сарай мұнарасы қартайған

Барман да мен сол бір елге  құмартып

Өз еліңде қыдырғанда бір артық

Сол бір ескі шахарлардың жанында

Жап-жас біздің Астанамыз мың артық

Таусылмасын бойға біткен даулеті

Еліміз бай көптер бізбен тең емес

Астананың әсемдігі сәулеті

Анкарадан сингапурдан кем емес

Қазақ үшін көтеріліп тік тұрған

Кеуде қағып мақтанатын бас қала

Жиырма-ақ жылда EXPO-ны ұттырған

Міне нағыз басқала,міне нағыз Астана

Бола білген жастарыма баспана

Жайнай берші өсе берші Астана

Жаңа туып көтерілген биікке

Астанамыз жиырмадағы жас қала!

 3 курс курсанты Алнашов Аслан

«Елбасы»

Елдің қамы әр ойы бар жұмысы

Қандай үлгі жастарға талпынысы

Еркіндікпен қазаққа бірге келген

Кемел елді жасаған алтын кісі

Елі үшін ерінбей барып шығып

Қара жұртым біледі халық шынын

Қазақ үшін жасаған үлкен ерлік

Қиын қыстау кезеңнен алып шығып

3-Көшбасшымыз,патшамыз нар-тұлғамыз

Аман тұршы құламай мұнараңыз

Барлық қазақ тірекпіз артыңдамыз

Аман болсын жасасын Нұр ағамыз

4-Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Алып шыққан қиыннан ала тұман

Жасай берші елбасы ер тарғыным

Ел бағына жаралған дара тұлғам

5-Тұңғышымыз өзініз елбасымыз

Сізге арнап өлеңім жазар дайын

Қазағымның басшысы ел тірегі

Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаев

6-Елімізді көтердің биіктерге

Өзі батыл қырағы биік кеуде

Біраз жылдар сезініп азап дәмін

Сездірдін-ау дәмін сол биіктіңде

Өтті күндер кешегі азап құшқан

Бүгініңде Қазақстан Ғажабстан

Аман болсын нұр ағам жасай берші

Мәңгілік ел егемен Қазақстан!

3 курс курсанты Алнашов Аслан

«Представление»

Не судите строго господа,

Ведь я только начинающий поэт

Свои стихотворения я читаю,

Чтоб потом меня услышал целый свет,

Но чтобы начать представленье

О себе вам поведаю я,

Ведь в жизни не бывает без везенья.

И на конкурс пришел, чтобы проверить себя.

Бывает…что со мной не легко,

С кем-то сложный и с кем то открытый.

Все зависит от вас господа

Ведь не каждый из вас лыком сшитый.

Над бедою других не смеяться,

Им всегда и во всем помогать.

Не возьму никогда я чужого,

Мне не нужно от вас ничего.

Поделиться излишком готов я,

Только вот не отдам своего.

Я уверен строки читая,

Кто-то думает «Ну и народ»,

Это надо нашелся святой тут,

О себе так красиво поет.

Я основу в творчестве считаю

Патриотический духовный стих,

О Родине, о людях размышляю

В произведениях своих.

Курсант 3 курса Мыктыбай Санжар

  

«Н.А.Назарбаев»

В степи казахской где природа,

Там где течет вода по валунам,

Родился Елбасы великого народа,

Стране на благо и на радость нам.

Родители обычай соблюдая,

накрыли по-казахски дастархан

И мальчику хорошего желая

Назвали благородно «Нурсултан».

Он рос в степи великой и учился,

Заветам предков, грамоте уму

Он говорил «Не просто я родился»,

А что великий путь начертан был ему.

Жизнь закаляла Нурсултана не жалея,

Он крепок был физически, умен

Он защищал друзей, которые слабее,

Любил людей всех наций и племен.

Учился в школе он без замечаний,

Любил читать он книги до поздна,

Не знал наш Нурсултан что чашу знаний

Придется выпить в будущем до дна.

В стране прошла эпоха перемен

Открылись школы, техникумы, вузы

Уйти хотел Нурсултан из родных стен

Он не хотел быть для родителей обузой.

Родители, хоть были бедняки,

Собрали сыну денег на дорогу,

Пожатие родительской руки

И зашагал Нурсултан с эпохой в ногу.

Курсант 3 курса Мыктыбай Санжар

 

«Остановка Астана»

Вернулся вновь в родную я столицу,

Вернулся в город – в нем моя душа

И поезд жизни, чуть не прокатился мимо.

Но остановка вдруг –столица Астана

По долгу службы, мне пришлось уехать,

В разлуке долго были мы с тобой

Жизнь посмеялась надо мною громким смехом

Тебя уже назвали Астаной.

С тобой мы сильно изменились.

Стал старше я и поумнел,

А ты как будто заново родился

Высоток строй под облака взлетел.

Как сильно все за эти годы изменилось.

Где пыль была, там звезд голубизна,

Пройду пешком, ведь что-то сохранилось.

Я рос с тобой столица Астана.

С друзьями загляну в родную школу

По Ленина пройдусь на стадион.

В ларьке куплю бутылку, на закуску колу

И с ними тихо посижу тайком.

И на базар заеду просто потолкаться

С киргизом по сижу за чаем в чайхане,

С таджиком буду долго торговаться.

Товар он дорого предложит мне.

С китайцем выпью, стану обниматься,

Морковки с рыбой у корейца попрошу,

Но никогда, ни с кем не буду я ругаться

Стихи об этом лучше напишу.

А в голове все лучше что есть в свете,

Все здесь, одним мгновеньем пронеслось.

Дом, школа, первая любовь и дети,

Забиты в сердце, словно в доску-гвоздь.

Вернулся вновь, в родную я столицу

В отцовский дом, ведь здесь моя душа

И поезд жизни чуть не прокатился мимо

Но остановка вдруг – столица Астана.

Курсант 3 курса Мыктыбай Санжар

___________________________________________________________________________________Видео:

Таныстыру Думанжан

__________________________________________________________________________________

«Өзім жайлы»  (еркін тақырып).

Тегім менің Тұрсынбай,

Асқарбектің ұлымын.

Ештеңеге табынбайм,

Бір Алланың құлымын.

Жүйіткеймін сағымдай,

Кеше туған құлынмын.

Ұстап тұрған үзілмей,

Желкедегі жұлынмын.

Біссіміллә деп бастайын

Иманы бар жастайын.

Жүргеім Алла деп тұрса

Ауызымнан қалай тастайын.

Іске сәт Алла жар болғай

Мен жақсы іс бастаймын.

Жаман қылықты тастаймын,

Күнә істен аулақ боп,

Сауап істен қашпаймын.

Әуретімді көз қылмай,

Арымды мен сақтаймын.

Оразада тығылмай,

Тәнімді күнге қақтаймын.

Жамандардан жиреніп,

Жақсыларды жақтаймын.

Білім алып, көп оқып

Ой санамды баптаймын.

Алла жазса бір күні

Мекке есігін аттаймын.

Тілім кесіп алса да

Шындық айтпай қайтпаймын.

Шаңқай түсте болса да,

Еңбек етпей жатпаймын.

Кінәліні жазалап

Кінәсізді ақтаймын.

Мен қазақтың баласы

Ішінде жоқ аласы.

Даласы қандай кең болса

Сондай дархан баласы.

Мендегі тек аласы

Көздегі ақ қарасы.

Ренжітсе де біреулер

Ешкімге жоқ наласы,

Бұл балаңның рухани

Жаңғырып тұр санасы.

 4 курс курсанты Турсынбай Думанжан

«Астана – жиырмадағы жас қала»

Астана – жиырмадағы жас қала,

Жас болса да, билік айтар бас қала.

Аз уақытта кереметке айналып,

Сонысымен үлгі боп тұр баршаға.

Ойлаймыз – ау, жиырма да жас бекен,

Жиырмадағы жігіт отау басы екен,

Бар болғаны жиырма жылдың ішінде

Гүлденген баққа айналды лас мекен.

Бар байлығым, сөз қорымды аямайын,

Жас қаланы тобық түйін баяндайын,

Даңғылында көліктер желдей ызғып

Табаны күнге күйген шаяндайын.

Қылаң беріп таң, күн шыққанда,

Шұғыласы қызу беріп талшықтарға,

Сарбаздай сап түзеп, қатар тұрып

Ғимараттар көзін сүртер қылшыққанда.

Есіл өзен қақ ортада сызылып тұр,

Қос жағаның ортасында қысылып тұр.

Үстіне жармаса мінгесіп ап

Дүмбілдей боп көпірлері тізіліп тұр.

Ал, Бәйтерек символы Астананың,

Жасырмаймын өзің болдың аңсағаным,

Астананың ажырамас жан жолдасы

Көрмеппін бір сәтке де тастағанын.

Алты қанат ақ орда шайқалғанда

Қырлар асып жайлауда жайтанғанда

Киіз үйдің байқадың ба үлгісін

Хан Шатырдың сыртын көріп айналғанда.

Айта берсем көп – ақ, әсем ғана,

Ғимараттар жетеді Астанада,

Түні тіпті жанарыңның жауын алар

Биік үйден қалаға көз тастағанда.

Жиырма жылда Астана не көрмедін,

Ерлік көрдік біраз шаруа еңсергенін.

Қаншама дау — дамайдың басын шешіп

Татулықтың мекеніне жол сілтедің.

 4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан

«Астана – жастардың жүрегінде»

Астана – жастардың жүрегінде,

Дуалы қариялар тілегінде.

Астана – мына менің төл құрдасым

Айналдың бүгінде ел тірегіне.

Астана – жастардың махаббаты,

Һақ берген мейірім, шапағаты.

Аспанынан әр дайым нұр жауатын

Алланың төгіп тұрған шапағаты.

Астана – жастарға үлгі қала,

Одан қарап бой түзер барлық бала.

Бүкіл жасқа насихат жүргізуде

Рухани жаңғырсын деп әрбір сана.

Астана – жастығымның куәсі,

Әлі есімде Ақ орданың сұлбасы,

Ақ орданың сұлбасын еске алсам

Қатар келед Елбасымның тұлғасы.

Астана – жас қалалар символы,

Көз қуантар құрылыстар қимылы,

Сөз тимесін, көз тимесін көркіңе

Өтпесе екен жамандардың пиғылы.

Астана – жақсы жандар мекені,

Өйткені онда адалдық үстем етеді.

Астананың жұрты сондай керемет

Мейірімі баршамызға жетеді.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан

 

«Нұрағаңа!!!»

Ашқан кезде бұл тұлға дүние есігін,

Нұрсұлтан деп атапты ұлы есімін.

Сәбиді көру үшін атып шығып

Таң нұры тербетіпті құт бесігін.

Жаратқанның сыйы екен жаратылған,

Милиардтардың ішінен дара туған.

Асу шыңды бағындырған абыройың

Мықты боп тұр қыранның қанатынан.

Халқы үшін еңбегі ұшан теңіз,

Елі десе шығарда жаны егіз.

Жұрт алдында сөйлеген әр сөзінен

Сезіледі құлаққа жылы лебіз.

Қазақтың Нұрағаңдай алып ері,

Халқына Азаттығын алып берді.

Сарарқаның төріне гүлдендіріп

Астанадай әсем шаһар салып берді.

Әлемге мәшһүр болды оның аты,

Сірә бұрын көрмеппін мұндай басшы.

Тіпті мына біздің оқу орнымызда

Сақталу тұр әлі күнге жазған хаты.

Қазағымның соғып тұрған жүрегі,

Халқымыздың сүйеніші,тірегі.

Отаны үшін түн ұйқысын ұмытқан

Ел – жұртының, тыныштығы тілегі.

Кешегі өткен хандарымның сарыны,

Есімі көктегі күннің жалыны,

Еңбегіңді жырлап өтем әр қашан

Аман болшы, елімнің күре тамыры.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан