Тiлдер кафедрасы ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы


Кафедраның «Лингвистикалық үйірмесіндегі» отырыстың негізгі күн тәртібінде үйірме мүшелерінің өз ғылыми мақалаларының тақырыптарымен таныстыру болды.

Үйірме отырысына келген 4-курс, 406-взводтың курсанттары Самбетова Зауреш және Мейрамова Диана курсанттардың ғылыми жұмысы жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Зауреш және Диана Ресей Федерациясының Рязань қаласында өткен Білім беру ұйымдары курсанттарының «Виват, курсанты» атты шығармашылық аптасына барғаны туралы айтты. Аталмыш курсанттардың шығармашылық аптасында халықаралық конференция өтті. Онда Қазақстаннан басқа Әзірбайжан, Армян, Африка материгі, Үндістанның және т.б өкілдері болды.  Біздің Академиядан 11 курсант қатысты. Әр факультетте қызықты ойындар және семинарлар өтті. 4-курс курсанттары Зауреш және Диана біздерге Қазақстан елінің курсанттары мен басқа елдердің курсантарының айырмашылығы жайында айтты.


 Одан кейін үйірме мүшелері өздерінің ғылыми жұмыстарының тақырыбымен таныстырды.

114-топтың курсанты Сайлау Аида (ғылыми жетекшісі — Тургунова А.М)  үйірме отырысының мүшелері мен қонақтарына «The history of Kazakhstan police as the main step in the development of the country» атты өз тақырыбымен таныстырды.

 110-топтың курсанты Пряженникова Кристина (ғылыми жетекшісі — Семятова.Г.К) «Религиозный экстремизм и терроризм как угроза национальной безопасности страны» атты ғылыми баяндамасының тақырыбын ұсынды. Ол өзінің ғылыми жұмысында қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігі, Терроризмнің бірінші рет қай елде шыққаны,  сондай-ақ онымен алдағы уақытта қалай күресе алатынымыз жайлы айтты.

110-топтың курсанты Кершенова Аружан (ғылыми жетекшісі — Семятова. Г. К.) өзінің «Аbout the experience of struggle against corruption on the example of the USA» атты ғылыми тақырыбымен таныстырды. Оның тақырыбы сыбайлас жемқорлық туралы. Ол тақырып бойынша АҚШ пен Қазақстанның айырмашылығы туралы, жемқорлықтың қай елде бірінші рет шыққаны туралы және ғылыми жұмысын ағылшын тілінде жазатынын айтты.

 112-оқу тобының курсанты Мурзагалиева Ризагул (ғылыми жетекшісі — Айсенов А.Б.) «Влияние языка на психологию человека» атты ғылыми тақырыбымен таныстырды. Ол психологияның адамдарға қалай әсер ететіні,

психологияның қандай тілге әсер ететіні, психология адамдарға қандай мүмкіндіктер беретіні және оның себептері мен қарым-қатынасы жайында мәлімдеді.

107-оқу тобының курсанты Байжанова Дамиля  (ғылыми жетекшісі — Бекжанова. Е.Н). Оның тақырыбы «Корректные методы и приемы убеждения собеседника в процессе общения». Ол өз тақырыбының таңдауын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өз кәсіби қызметтерінде тілдесудің түрлі жағдайларында әр түрлі сұхбаттасушымен сенімді болудың қажеттілігімен іс жүзінде күн сайын кездесіп тұратындығымен негіздейді.

Тілдер кафедрасы «Лингвистикалық үйірмесінің» кезекті отырысында тыңдалған үйірме мүшелерінің таңдаған ғылыми мақалалары қатысушылар үшін қызықты және өзекті болды деп ойлаймын.

Сондай-ақ, жоғары курстың курсанттары Самбетова Зауреш пен Мейрамова Диананың үйірме отырысына қатысуы үйірме мүшелері үшін ғылыми жұмыспен айналысуда серпін беретінін айтқым келеді.

«Лингвистикалық үйірменің» мүшесі, 1-курс курсанты,

полиция қатарындағы  Пряженникова Кристина