Qazaqstanda  latyn  grafıkasy  negizinde  jalpyhalyqtyq  dıktant  ótedi

Atalmysh  sharaǵa,  Qazaqstan  Respýblıkasy  IIМ  Shyraqbek  Qabylbaev  atyndaǵy  Qostanaı  akademııasy  belsene  qatysady.

Qostanaı  akademııasynda  14  qarasha  kúni  saǵat  11.00-de    akademııa  qyzmetkerleri  men  birinshi,  ekinshi,  úshinshi  kýrs  kýrsanttary  jappaı  dıktant  jazatyn  bolady.  Dıktantty  arnaıy  belgilengen  oryndarynda,  mátin  aýdıojazba  túrinde  tyńdap,  latyn  grafıkasynda  jazylady.

Osyǵan  oraı,  tilder  kafedrasynyń  oqytýshylary    dıktant  jazý  týraly  aldyn  ala  aqparattandyrý  jumystaryn  júrgizilýde.  Arnaıy  shaqyrylǵan  Tilderdi  oqytý  ortalyǵynnyń  qyzmetkerleri    akademııa  qyzmetkerlerge  men  birinshi,  ekinshi,  úshinshi  kýrs  kýrsanttarǵa  túsindirý  jumystaryn  júrgizip,  dıdaktıkalyq  materıaldar  (Latyn  grafıkasyna  negizdelgen  qazaq  tili  álipbıi,  arnaıy  paraqtar)  taratyldy.  Osy  sharaǵa  kýrsanttar  belsene  qatysyp,  uıymdastyrylǵan  tapsyrmalarǵa  múdirmesten  jaýap  berip,  latyn  grafıkasyna  qatysty  ózekti  suraqtar  qoıyldy.

Birneshe  tildi  erkin  meńgergen  kýrsanttar  ınternet  keńistigine  erkin  enýde  jáne  latyn  grafıkasyn  qoldanýdyń  asa  qıyndyq  týdyrmaıtyndyǵyn  ańǵaryp  otyr.

«Jumyla  kótergen  júk  jeńil»,  —  dep  dana  halqymyz  aıtqandaı,  bárimiz  birge  qoldap,  naqty  qadammen  alǵa  basaıyq!

Tilder  kafedrasynyń  aǵa  oqytýshysy



polıtsııa  maıory  L.  Kınjebaeva.

 

Қазақстанда латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант өтеді

Аталмыш шараға, Қазақстан Республикасы ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы белсене қатысады.

Қостанай академиясында 14 қараша күні сағат 11.00-де  академия қызметкерлері мен бірінші, екінші, үшінші курс курсанттары жаппай диктант жазатын болады. Диктантты арнайы белгіленген орындарында, мәтін аудиожазба түрінде тыңдап, латын графикасында жазылады.

Осыған орай, тілдер кафедрасының оқытушылары  диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстарын жүргізілуде. Арнайы шақырылған Тілдерді оқыту орталығынның қызметкерлері академия қызметкерлерге мен бірінші, екінші, үшінші курс курсанттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дидактикалық материалдар (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылды. Осы шараға курсанттар белсене қатысып, ұйымдастырылған тапсырмаларға мүдірместен жауап беріп, латын графикасына қатысты өзекті сұрақтар қойылды.

Бірнеше тілді еркін меңгерген курсанттар интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың аса қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», — деп дана халқымыз айтқандай, бәріміз бірге қолдап, нақты қадаммен алға басайық!

Тілдер кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Л. Кинжебаева