Футбол – бұл өнер!

Қараша айынның қоңыр күздің күнінде Қостанай қаласында»Тобол» (Қостанай) – «ҚызылЖар СҚ»  (Петропавловск) қызықты матч өтті.

Футбол – әлемдегі ең танымал топтық ойындардың бірі, оның тарихы бірнеше ғасыр уақытты қамтиды. Футбол дамып бара жатыр, қазіргі уақытта адамдардың (әсіресе ұл балалардың) айналысатын хоббине айналды.

Осыған орай, спортты насихаттау мақсатында, сондай — ақ, курсанттардың бос уақыттарын ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында аталмыш шараға 109 оқу топ курсанттары Қостанай қаласының орталық стадионға жол тартты.

Мұндай жұмыстар салауатты ұлт тәрбилеуге мүмкіндік береді, ал бұл дегеніміз еліміздің жарқын болашағының бірден бір негізі.

Спорт падишасы саналатын футбол атауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлер жетерлік.

Солардың қатарында, біздің курсанттар. Жанкүйерлік ықыласын көрсетіп, футбол ойынды тамашалап, стадион алаңда өтіп жатқан матчты бар ынтасымен бақылап қарады.

Тартымды ойыннан кейін 109-топ курсанттары демалыс күні қызықты өткеніне ризашылығын білдіріп, өздеріне ой үшін азық алып, бір-бірімен пікір бөлісті.

109 оқу топтың жетекшісі

   полиция майоры Кинжебаева Л.