Академия мұражайында колледж студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды

2018 жылдың 8 қарашасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, сонымен қатар ІІО қызметкерлерінің имиджін көтеру және Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының даму тарихымен таныстыру мақсатында  Қостанай колледжінің студенттеріне Академия мұражайында таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Таныстыру жұмысы шеңберінде, Қостанай колледжінің  студенттеріне Академияның күн тәртібі және Академия курсанттарының әр түрлі спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері жайында айтылды.

Академия мұражайында мемлекеттік және қоғам қайраткері, еліміздің атақты ҚазССР Ішкі Істер Министрі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевқа арналған және Қостанай заң институтының бірінші бастығы, ҚР ІІМ еңбегі сіңірген қызметкері, Халықаралық Ақпараттандарыру Академиясының  академигі, құқықтану доценті, ішкі қызмет генерал-майоры  Кабденов Талап Кабденұлына арналған экспозициялар, 1971 жылдан бастап оқу орнымыздың даму тарихы туралы құжаттар мен фото-суреттер, 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың оқу орнымызға келгені туралы фото-суреттер және де Құрметті қонақтар кітабында қалдырған естелік жазуы, Академия курсанттары мен қызметкерлерін спорттық кубоктары, алғыс хаттары жиналған.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова