Қызыл алма бағын аралаған магистранттар!

Қостанай қаласының көрнекті жаңа заманауи ғимаратына айналған қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың кәсіби Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрын еліміздің басқа облыстарынан келіп ғылым жолына қадам басқан ғылыми және педагогикалық магистратураның 1-курс магистранттарына көрсету мақсатында, 2018 жылғы 8 қарашада өзбек драматургі Еркін Құшуақтовтың «Қызыл алма» комедиялық пьесасын тамашаладық.  Еркін Құшуақтовтың бұл пьесасы, ауыл қызының тұрмыс құрар кездегі алғашқы ұлттық салт-дәстүрді сақтап, өзінің болашақ тағдырын шешудегі әрекетін суреттейтін «комедиялық жанр» болып табылады. Қойылым өзінің күлкілі оқиғасымен көрерменге қызықты және қоғамдық, эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеумен маңызды болып келді. Осыған орай көрермендер болып театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілмен тамашаладық.

1-курс магистранты

полиция аға лейтенанты

М. Уразбаева