Қызықты да пайдалы дәріс ………………..


Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Әкімшілік қызмет және Әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Ж.Базарбаеваның ұйымдастыруымен 2 курс курсанттары полиция қатарындағы курсант Максетова мен полиция қатарындағы курсант Ержановтың қатысуымен Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды мектеп-интернатына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабына сәйкес (Кәмелетке  толмағандардың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) туралы дәріс өткізілді.

Жоғарыда айтылғандай, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу барысында түнгі уақытта, яғни 22.00-6.00 уақыт аралығында қала орталықтарында, кафелерде, мейрамханаларда болуды алдын алу, кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын білуге және де олардың ережелерін түсіндіру үшін дәріс оқылған болатын. Дәріске 2 курс курсанттары Максетова мен Ержанов  өз үлестерін қоса отырып, оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелеттікке толмаған тұлғаға қатысты тәрбиелік ықпал етудің шаралары мен әкімшілік жазаның қолданылуы туралы, сонымен қоса кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде оның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары, психологиялық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуі, оларға жауап беруі туралы ескертілетіні туралы айтты.

Дәріс аяқталысымен, оқушылар полиция майоры Ж. Базарбаеваға бірқатар сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Әкімшілік қызмет және

Әкімшілік құқық кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры Ж.Базарбаева

курсанттар баспасөз қызметінің мүшесі 2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Г. Максетова