Оқу – танысу тәжірибесі тексерілді


Қазанның 31-ші жұлдызында «Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет» кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Жұмашев Мақсат Асылханұлының жетекшілігімен 2,3 және 4 курс курсанттарының оқу-танысу тәжірибесі тексерілді.

Нақтырақ айтқанда,  «Жергілікті полиция қызметінде» 4 курс курсанттары: Бекжанов Д, Қасым Қ, Иманбаев Б; 3 курс курсанттары Сериков И, Сырғабай С, Мустафина А, 2 курс курсанттары; Муратбеков А, Самигуллина Ж, Мақсұт Н; «Жол- патрульдік полициясында» 4 курс курсанттары: Ермекұлы Р, Егемберді А, 3 курс курсанттары Шафиғолла Д, Жолай  А, 2 курс курсанттары Мұса Б, Жұматаев А, «Қылмыстық- атқару жүйесі» және «Пробация қызметтерінде» 4 курс курсанты Козова Д, 3 курс курсанты Құбаш А, 2 курс курсанты Адилхаиров А өз тәжірибелерін көрсетті. Оқу-танысу тәжірибесін тексеру мақсаты: курсанттарымыздың әртүрлі жағдайларда  дереу шешім қабылдап, шапшаңдық танытып және теориядағы алған білімін тәжірибеде қолдана білу. Тексеріс барысында полиция капитаны М.А Жұмашев курсантарымыздың хаттама толтырып, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алып, өздерін оң жақтан көрсетіп және дербес жағдайда теориялық білімін қолданып шешімін тауып жүргендеріне көз жеткізіп қайтты.


Әкімшілік құқық және әкімшілік

қызмет кафедрасының

оқытушысы

полиция капитаны Жұмашев М.