Тәжірибелік қызметкермен сабақ барысында кездесу

2018 жылдың 30 қазанында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Н.Қ.Маханбетовпен 309 оқу тобына «Криминалистика» пәні бойынша тәжірибелік сабағы Қостанай облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі полиция майоры А.Ж.Карбаевтың қатысуымен өткізілді. Ол курсанттармен тілдесу барысында өз жұмысының қыр-сырымен бөлісіп, тәжірибелік жағынан түсіндірді. Сабақ өту барысында курсанттардың жұмысқа деген қызығушылықтарын, ынтасын және құштарлықтарын арттырды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берді және  курсанттарымыз  өздеріне қажетті деген мәліметтерді алды. Осы аз уақыт ішінде тәжірибелік қызметкер курсанттардың жұмысқа деген көзқарастарын жақсы жағына қарай құштарлығын арттырып, болашақ офицерлерімізге сәттілік тілеумен аяқталды.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Н.Маханбетов