Курсанттық өмір деген – игі өмірдің бастауы

Әр адамның басында қызықты да шытырман сәттер өтпей ме? Әсіресе курсанттық кезеңде. Өзіндік жетекшілік етіп жүрген 109 топта Іс шараларды өткізудегі басты мақсаттары: топтағы курсанттармен жетекші ретінде танысу, курсанттардың бір-бірімен тез танысуына жағдай жасау, топтық әдет ғұрыптарды қалыптастыру, топтағы курсанттардың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу, бос уақыттарын ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтеру. Топтық ұйымшылдықты дамыту, жағымды мотивация қалыптастыру болып табылады.

“Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, — деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, қазіргі таңда Шырақбек Қабылбаев атамыздың білім ордасының бірінші курс  курсанттары болып жүр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұл жастар — ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, ағаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан  жастар қадамдарыңа нұр жаусын.





109 топ жетекшісі

полиция майоры Кинжебаева Л.