Академияда «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын  түсіндіру жұмысы өткізілді

2018 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі» РММ Қостанай филиалы директорының орынбасары Жанна Тулегеновна Омарханова Академия жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ж.Т.Омарханова әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет, қарыз алу үшін қандай талаптар қойылады, бағдарламаның негізгі талаптары, шектеулер, сонымен қатар Қостанай облысында қандай сома жинау қажеттігі туралы түсіндірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың наурыз айында ұсынған «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы шілдеден бастап іске қосылды. Бағдарлама бойынша қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі — жылына 7%-дан, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі — 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі.

Сонымен қатар, Академия жеке құрамына қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызмет көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бөлімі бастығы Қуанышбаев Асет Ахметжанұлы  құқықтар мен мүдделер бұзылған кезде ҚР Халық Банкінің Қостанай филиалында  кеңес  алу мүмкіндігі бар екені туралы айтып өтті.

Кездесу соңында Академия жеке құрамы бағдарламға қатысты өздерінің  маңызды сұрақтарын  қойып, қызығушылық тудырған сұрақтарына жауап ала алды.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова