Курсанттарды практикаға таңғы тарату

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күн сайын курсанттарды тәжірибемен танысуға қалалық ІІБ на, пробация қызметіне, жергілікті полиция қызметіне және жол потрульдік полициясына жіберіп, сондағы қызметкерлердің жетекшілігімен курсанттар тәжірибе жағынан біліктіліктерін арттырады.
Қазанның 22 – сі күні Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Жұмашев Мақсат Асылханұлы курсанттарды таңғы тексерісте тексеріп, оларды жоғарыда айтылған қызметтер бойынша жіберді.
Жалпы саны 18 курсант мына қызметтер бойынша жіберілді:
Пробация қызметіне – 3 курсант;
ЖПҚ – 9 курсант;
ЖПП – 6 курсант;

Тексеріс барысында курсанттардың даярлығын, киім үлгісін т.б қарап оларға қалада жүргенде бүкіл жол ережелерін, адамдармен байланысу барысында әдеп ережелерін сақтау керектігін ескерте айтты.

ӘҚжәнеӘҚ кафедрасының
Оқытушысы,полиция капитаны
Жұмашев М.