АКАДЕМИЯ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Асылбек Смагулов пен Василий Олейников және «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанабай Бисимбаевтың қатысуымен 2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және жетілдіру  бағытында 2018 жылдың 18 қазаны күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық – оқытушылар құрамы, магистранттар мен курсанттар арасында кездесу өткізілді.

Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов Қостанай облысына Елбасының Қазақстан халқына жолдауының қағидаларын, бағыттарын, маңыздылығын толықтай түсіндіру бағытында келген Мәжіліс депутаттарын, Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын профессорлық-оқытушылар құрамына, магистранттар мен курсанттарға таныстырды.

Алғашқы сөз кезегі Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанабай Бисимбаевқа берілді: «Бүгін депутаттар Қостанай облысына құқық қорғау қызметкерлеріне, облыстық соттың сот төрешілеріне, сонымен қатар Әділет департаменті қызметкерлеріне Елбасының Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру бағытында келіп отыр. Бүгінгі таңда, Жолдауды түсіндіру бағытында ақпараттық – насихаттау жұмыстары жүргізіліп, медиа жоспары бекітілді. Жолдауды одан әрі  жүзеге асыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа басылымдарында мақалалар жарияланып, теледидардан тікелей сөз сөйлеп, бірталай жиналыстар жүргізіліп, жан-жақты оңтайлы жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір бірінші кезекте облыстағы әр адамға Жолдаудың мағынасын, бағыттары мен қағидаларын нақыштап түсіндіру. Мемлекет басшысының Жолдауындағы  әр адамның  әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру деңгейін  арттыру, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділік жағдайларына тоқталды».

Келесі сөз кезегі Василий Олейниковке берілді: «Біз, депутаттар, биылғы жылы Елбасы Жолдауын Ақордада тыңдадық.

Жолдауды жетілдіру мақсатында арнайы жұмыс адамдары құрылды. Жолдауда құқық қорғау органдарына тоқталды, ондағы штаттық санды оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту, полицейлердің жалақысын көбейту, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталды. Академия арқылы білікті де кәсіби маман кадрларды даярлау қажеттілігін де айтып кетті».

Василий Олейников сөзін аяқтай келе, сөз кезегін Асылбек Смагуловке берді: «Біздің Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бірталай бағыттар қойылды.  Ішкі істер органының атқарып отырған қызметі мен рөліне тоқталып өтті. Соның ішінде еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын, қоғамдық тәртіпті сақтауда, қызмет барысында қылмыскерлерді ұстауда ерліктерін көрсетіп, өмірлерін қиған қызметкерлер саны 700-ге жуық. Дегенмен, заман талабына сай, ІІО қызметін жетілдіру бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы, Елбасының Жолдауы алты бөлімнен тұрады.

Олар:

I. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ.

II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ.

III.  ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ.

V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ.

VI. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ.

Сонымен қатар мемлекеттік оқу орындарының тиімділігін, сапасын көтеруіне, оқу бітірісімен жұмыспен қамтамасыз ету жағдайларына  тоқталып өтті.   Сіздерге келсек, Сіздер оқу орнында киім – кешектермен, ал оқу бітірісімен жұмыс орнымен 100 пайыз қамтамасыз етілген жандарсыздар. Бұл да мемлекеттің жағынан жасап отырған көмегі.

Бүгінгі таңда,  сыбайлас жемқорлықты алдын алу қажет. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлықты болдыртпау мақсатында бірталай жұмыстар атқарып жатыр. Осы жұмыстардың арқасында сыбайлас жемқорлық саны кемуде. Сондай-ақ, полицияның атқарып жатқан жұмысын сервистік модельге көшіру қажеттілігі туралы да айтып кетті».

Кездесу барысында оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен курсанттар сұрақтар қойды. Оның ішінде еліміздегі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының құқық қорғау қызметкерлері үшін қандай жеңілдіктер болатындығы туралы да сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында, полиция генерал – майоры Мирлан Қызылов «Ішкі істер органының қызметкері ең алдымен  білімді, кәсіби маман, адамгершілігі мол, инабатты, сыпайы, берген Антына адал, берілген жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, өз елінің патриоты, абыройлы  болуы тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 16 шілдеде біздің академияға келіп, «Қостанайдағы тұңғыш  Жоғары милиция мектебіне, оның шәкірттеріне Отанына адал қызмет етуін тілеймін» деп қалдырған тарихи жазбасы білім ордасының ұранына айналды». Бүгінде, академия курсанттары болашақ тәртіп сақшылары білім ордасында оқып жүріп, өздерінің білімдерімен, халықаралық конференцияларға, жиындарға қатысып еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып келеді.

Соңында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Асылбек Смагуловке пен Василий Олейниковке  және «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанабай Бисимбаевқа Қазақ КСР-нің Ішкі істер министрі болған, Ішкі істер генерал – лейтенанты шенін тұңғыш алған қазақ, 2004 жылы білім ордасына есімі берілген Шырақбек Қабылбаевтың ізбасарларына  Елбасының Жолдауын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап бергендеріне көптен көп ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, академия басшылығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» (EUCJ) ЕО жобасының қаржылық қолдауымен сыйға тартылған мультимедиялық кабинет пен баспаханалық мультимедиялық кабинетін көрсетті. Бұл, XXI ғасыр – озық технологиялар ғасырында білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен заман талабына сай жабдықталғандығын, сонымен қатар қазақстандық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін жоғарылату және  пробация қызметкерлерін оқыту орталығы болып табылады.

Қорытындылай келе, Елбасының Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын нығайтуға, құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысын  жақсартуға, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітуге, сонымен қатар, білім ордасы Академияда кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін өзгерту қажеттілігіне бағытталған. Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алып жатқан курсанттар, яғни болашақ тәртіп сақшылары Елбасының қазандағы Жолдауын бірауыздан қолдап, Жолдауда көрсетілген бағыттарды жандандыру және дамыту мақсатында жұмыла еңбектенетін болады.

Академияның баспасөз хатшысы

О. УАҚПАЕВА