«Жайдарман» ойындары

Күлкі – адам өмірін ұзартатын, жанына жылу сыйлайтын,нұрға бөлейтін тағдыр бөлшегі. Курсанттардың көңіл-күйін көтеріп, олардың белсенділіктерін арттыру мақсатында, курс басшылығы және тәрбие жұмысы бөлімі «Жайдарман» ойындарын ұйымдастырды. Бұл шара 1-курс курсанттары үшін ең алғаш рет өткізіліп отыр. Дегенмен ойын барысы біз күткеннен әлдеқайда жоғары өтті. Өздерінің ең қызықты әзілдерін ұсынып, дайындық аз болсада, барын салған біздің курсанттар нәтижесінде үздік қорытынды көрсете білді. Бірінші орын иегері ретінде 106 взвод үздік деп табылып, 2-орынды 109 взвод, ал 3-ші орынды 10  взвод иеленді. Жалпы ойын тартысқа толы, бәсекелестігі жоғары болды. Бұл біздің курс үшін жаңа белестердің бірі ғана деп есептеймін. Ортамызда талантты балалардың бар екенін көріп, болашақта жаңа құрамада, оның ішінде Академия атағын шығаратын белсенді жастардың барына көзіміз жетті. Алдағы уақытта көптеген іс-шараларда осындай бірлестікпен жұмыс жасай отырып, жұмыла еңбек етсек, барлығынан басып озып, жаңа  шыңдарды бағындыратынымыз анық.

Қорыта келгенде, бұл ойын бойымызға жаңашылдық сыйлап, шашаршағанымызды басып, бойымыздың сергуіне себепші болды. Осындай шаралардың өткізілуі біздің жан-жақты болуымызға өз үлесін тигізуде. Сол себепті курс басшылығы және тәрбие жұмысы бөліміне өз алғысымызды білдіреміз. Ал 1- курс атынан қатысатын 106 взводқа сәттілік тілейміз.


1 курс курсанты,

 полиция қатарындағы,

 Бакбаева Аида