Күзгі киімнен, қысқы киімге көшу жұмыстары

Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Күздің қара суығы, көп адамдардың тез аурушаңдығымен, тұмау болу салдарын арттыратыны анық. Сол мақсатпен Академия басшылығы курсанттардың күзгі киімнен, қысқы киімге ауысуына бұйрық шығарды. Бұйрыққа сәйкес 1 курс курсанттары да қысқы киім үлгісіне ауысып, барлығы 248 курсант қысқы киіммен қаматамасыз етілді.

Болашақ жастардан бастау алатындықтан олардың денсаулығы, келешек өмірі, офицерлік жолы академиямен тығыз байланысты болмақ. Сол себепті қазірден бастап жарғы бойынша дұрыс киінуді, оған қарама-қайшылықтар келтірмеуді курс басшылары түсіндіріп өтті. Біздер үшін бұл нұсқау әрі маңызды, әрі қызықты болды. Болашағы зор, саналы заман құру үшін ең алдымен ел сақшыларына дұрыс бағдар мен жол көрсетілуі тиіс. Міне бізде осы мақсатта жұмыс жасап, барлық халыққа үлгі болатындай, оның тыныштығын сақтай отырып, ешқандай құқық бұзушылықты болдырмауымыз қажет. Осындай нәтижеге жету үшін алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сапалы да білімді қызметкер болу осындай киім қағидаларын сақтаудан басталатыны анық. Егер де саламыздағы әр полиция маманы жарғы бойынша белгіленген заңды сақтайтын болса, онда жеріміздің құндылығы артып, кемелдене түсетінімізге ешқандай күмән жоқ.


1 курс курсанты,

полиция қатарындағы,

 Бакбаева Аида