Жаңа жолдау-халық болашағының жаңа тармағы

Нәтижелі болашақ, кемел келешек жастардан бастау алады. Әр елдің рухын көтеріп, оның даңқын асқақтатар жалғыз мұра мен, жалғыз жол бар ол-сол елдің саналы ұрпағы. Туған жерге деген махаббаты шексіз жүрегінен от ойнаған, намысы, өр рухы жалындаған болашақ иесін дайындау, қазақ елінің ертеңгі саяси бағытының кепілі болмақ. Сол мақсатпен Академия ұжымы тынбай еңбек етіп, жанын салуда. Курсанттар ел тірлігіне, экономикаға белсене ат салысуы үшін қолдарынан келгенін  аянбауда.


Бүгін яғни,13-қазан күні, 1 курс курсанттары Елбасының халыққа жолдауын тындап, қаңдай жұмыстардың күтіп тұрғанымен толық танысты. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауда, халық табысының өсуі, елдің болашақтағы хал-ауқаты, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік ақпарат, жаңа формациялар жайлы айтып өтті. Соның ішінде Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мен, алда күтіп тұрған өзгерістерді көрсетті, Осының барлығын тындап, көре отырып, Республикамыздың тынысымен таныстық және өзіміздің елге деген ыстық махаббатымызды арттырдық. Алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға белсене араласатын боламыз. Ол үшін жанын халқы үшін шүберекке түйетін полиция қызметкері болуымыз шарт. Бізге артылған сенім ақталып, орындалатынына уәде етіп, кемел болашақтың үлгісі ретінде жұмыс жасау маңызды. Осындай мүмкіндіктер беріп, бізге үлкен сеніммен қарайтын курс басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Жаңа жолдау-жаңа саяси бағытпен, жаңа Қазақстанның кепілі.

1 курс курсанты,

 полиция қатарындағы,

 Бакбаева Аида