Академия басшылығының 4 курс курсанттарымен кездесуі

2018 жылдын 10 қазанында 4 курс курсанттары Академия басшылығымен кездескен болатын. Кездесуде Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов төрағалық етіп, сөзін Елбасымыздың  Жолдауымен бастады. Полицияның қазіргі қоғамда алатын орны мен рөлі ерекше, полиция – ол, халықтың айнасы, халыққа қызмет көрсететін көлемді құрам, үлкен жауапкершілік пен міндетті талап ететін қызмет болып табылады, — деп, Елбасымыз сол жерде Ішкі істер министрі полиция генерал – полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлына ісіне адал, білікті маман, нағыз үлгілі қызметкер деп оңбағасын берді. Яғни, бұл бүкіл полиция қызметкерлеріне берген оң бағасы. Сондықтан осындай дәрежеге лайық болу үшін, біз мына сіздерді нағыз маман ретінде дайындап шығуымыз міндет болып табылады, — деп атап өтті. Кездесу барысындағы, ақпан айындағы 4 курс курсанттарының өз өңірлері бойынша тәжірибелік танысуға баратыны туралы айтты. Академия бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов тәжірибелік танысу барысында курсанттар өздерін ұқыпты да білікті маман ретінде көрсету қажет екендігін атап кетті. Елбасымыздың жолдауында ІІО қызметкерлерін қайта жаңғыртуды тапсырды. Сонымен қатар курсанттардың оқу үлгерімдігі туралы сұрақтар талқыланды.



4 курс курсанты, полиция қатарындағы

Өтешқалиев Е.