3 курс жеке құрамының арасында өткізілген саптық байқау


Нысанды киім үлгісін кию ережелері мен қағидаларын сақтау – кез келген Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да нысанды киім үлгісін мінсіз сақтауға оқу орнымызда білім алып жатқан әрбір курсант үлкен жауаптылықпен қарауы тиіс. Осыған орай, ағымдағы жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттарына курс бастығының орынбасары полиция майоры Т.Г.Баймагановтың тексеруімен жеке құрамның қысқы киім үлгісіне көшуіне  байланысты саптық байқау ұйымдастырылып өткізілді. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – курсанттардың нысанды киім-кешекті кию ережелері мен қағидаларын және үлгілі сыртқы келбетін қатаң сақтау. Саптық байқау барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес нысанды киім кию үлгісінің барлық талаптарына сай тексеріс жүзеге асырылды. Саптық байқау қорытындысы бойынша 3 курс бастығының орынбасары полиция майоры Т.Г.Баймаганов жеке құрамға белгіленген түрдегі нысанды киім үлгісінің талаптарын және қағидаларын сақтау қажеттілігін түсіндіріп, кейбір курсанттарға ескерту жасады.


Курсанттардың нысанды киім үлгісі тексеріліп болған соң, Академияның акт залында 3 курс курсанттарымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды. Жолдау тыңдау барысында Құқық қорғау қызметіне, соның ішінде Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты келелі мәселелер жайлы ақпараттарға жете тоқталып, талқыға түсті. Елбасымыздың полиция қызметкерлеріне қатысты көтерген маңызды мәселелері, жалпы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында халықтың алдындағы жауаптылығын әрбір курсант жете түсініп, ой санасына сіңіре білуі қажет.

3 курс баспасөз қызметі