КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА «МАУСЫМАШАР 2018-2019» ЖАЙДАРМАН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Ішкі істер құрамасы» атты Жайдарман командасы 2018 жылдың 8 қазанында Көкшетау қаласында өткен Облыстық «Ақмола» лигасының «Маусымашар 2018-2019» Жайдарман фестиваліне қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды.

Жайдарман фестиваліне Көкшетау қаласы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай қаласы және Қостанай облыстарынан келген жиырма команда қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша 3-ші орын «Ішкі істер құрамасына», 2-ші орын Көкшетаулық «Құтқарушылар» командасына, 1-ші орын Көкшетаулық құрамаға берілді. Ал, «Маусымашар 2018-2019» Жайдарман фестивалінің Гран-Приі Қызылжарлық «Бес жаңалық» командасы иеленді.

Фестиваль нәтижесі белгілі болғаннан кейін, Академияның «Ішкі істер құрамасы» Облыстық «Ақмола» лигасының 1/8 финалына шақыру алды.

10 қазан күні «Ішкі істер құрамасы» Жайдарман командасының мүшелері Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловпен кездесу өткізді. Кездесу барысында генерал мырза курсанттарды жүлделі орын алғандарымен құттықтады және курсанттардың шығармашылықпен, спортпен, ғылыммен айналысқанын қолдайтынын айтты.

«Ішкі істер құрамасы» Жайдарман командасының мүшелері Көкшетау қаласына барып, өнер көрсетуге мүмкіндік берген Академия басшылығына өз ризашылығын білдіреді және алдағы болатын жарыстарда бұдан да жақсы нәтиже көрсететіндігіне нық сенімді.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты

Е. Кишкентаев