Курсанттардың демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру

Жексенбі — әрбір адам үшін әсіресе курсанттар үшін асыға күткен өте  ерекше күн. Осындай жайма-шуақ ерекше күндердің бірінде, яғни 2018 жылы 7 қазанында  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  Істер Министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқу факультетінің 103 оқу тобы ең алғашқы жексенбілік демалысына шықты. Қостанай қаласын саяхаттап, «Арман-3D» кинотеатрында «Тайна дома с часами» атты фильмді тамашалады. Киноны көрген тыңдаушылардың көңіл-күйлері бір көтеріліп қалды. Сондықтан айына бір рет курсанттарды демалыс уақыттарында қалада немесе қала сыртында серуендету арқылы күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін төмендетуге болады. Өткізілген іс-шара тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырды. Себебі осы топтың тындаушылары Қазақстан Республикасының басқа облыстарының тұрғындары болып табылады. Қаланың ішкі және сыртқы аумақтарын аралап, кинотеатрға бару жағымды қуанышты әсер қалдырды.


ҒЗО-ның қызметкері
полиция капитаны

Әбдәлі А. А