ТАРТЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Жедел іздестіру қызметіне 100 жыл толуына орай 2018 жылы қазан айының 7 жұлдызында 203 оқу тобының кураторы полиция капитаны М.Қалқаманұлының бастамасымен Қостанай облысының ІІБ криминалдық полиция бөлімнің бастығы полиция майоры Галиханов Мұрат Максудович білім ордасының акт залында 2 курс курсанттарымен кездесті.

Кездесу барысында М.Галиханов курсанттық өмірінен бастап, 10 жылдан астам уақыт ішінде қызметте болған қызықты оқиғаларын және жұмыстың жалпы атқарылу барысын түсіндіріп, курсанттардың жедел іздестіру қызметіне деген құмарлықтарын  арттыра түсті.

Қызығушылықпен тыңдаған курсанттар өз тарапынан әртүрлі сұрақтар қойды.      Полиция майоры М.Галиханов кездесу соңында курсанттарға өзінің жылы лебізін білдіріп, кез-келген уақытта ақыл-кеңесімен бөлісуге дайын екендігін айтты.

203 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

М. Қалқаманұлы