Әкімшілік қызмет және әкімшілік құқық кафедрасы курсанттардың күнделікті практикасы мәселесінде жиналыс өткізді

Қыркүйектің 27 – сі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ӘҚжәнеӘҚ кафедрасы  бастығының орынбасары полиция полковнигі Базарбаев Алмат Әшенұлының ұйымдастыруымен  академияның 2,3,4 – ші курс курсанттарының пробация, ЖПҚ (бұдан әрі – жергілікті полиция қызметі), ЖПП (жол патрульдік полициясы) күнделікті практикалық тәжірибе алуы үшін аталмыш бағыттағы қызметтің жетекшілерімен кездесу өткізді.

Жиналысқа ҚАЖД пробация бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Тулмурзин Е.Е, ЖПП командирі полиция капитаны Буслаев С. және Қостанай қаласы оңтүстік ЖПҚ  бастығы полиция майоры Слабуш А. қатысты. Сондай – ақ, ҚПжК кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Едресов С.А, ҚҚжҚАЖ кафедрасының бастығы полиция полковнигі Шалгимбаев М.Х, ЖІҚ кафедрасының бастығы полиция полковнигі Юдаков К.И, ӘЖК бастығы полиция полковнигі Тукинбаев Н.А және 2, 3, 4 – курс бастықтары осы жиналысқа қатысты.

Жиналыста курсанттардың практикасы жөнінде мәселе қозғалды. 2018 жылдың 8  қазан айынан бастап курсанттар практикалық тәжірибе жинақтау үшін жоғарыда аталған қызметтермен танысып, сондағы қызметкерлермен жұмыс жасайтын болады. Күнделікті таңғы таратудан кейін кешкі сағат 18.00-ге дейінгі аралықта практикалық тәжірибе жинақтайды. Практикадан келген курсанттар тәжірибеден өткендігі жайында ӘҚжӘҚ кафедрасына келіп  баяндайды.

 ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

Жұмашев М.А