ҚАРТТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

Біріккен ұлттар ұйымының шешімі бойынша 1991 жылдан бастап  1қазан Қазақстанда Халықаралық қарттар күні мерекесі деп аталады.  Халықаралық қарттар күні – әлемдегі барлық қарттарға өте маңызды күн. Бұл күн барлық көркем жастағы ардагерлерге және зейнеткерлерге арналған күн және де бұл күн құрметтеу және мирасқорлықтың символы болып саналады. Қазақстанның өсіп — өркендеуі, Еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуі өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.  Қарттар – біздің асыл қазынамыз.

Академияда ұрпақтар байланысы сақталған, бұл дәстүрлерді сақтауға және маңызын арттыруға әсер етеді.  Осы атаулы мерекеге байланысты 2018 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардагерлерін  қошеметтеу шарасы өткізілді.


Қошеметтеу шарасы Академияның оқу-дала лагерінде құттықтау сөз, концерттік бағдарлама түрінде  ұйымдастырылып өткізілді.

Алғыс сөздер, құттықтау сөздер, өткен жылдарды еске алу, осындай ахуал Академия оқу –дала лагерінде 29 қыркүйекте болды. Осы атаулы күнде  Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастапқы даму кезінде қызмет еткен барлық Академия ардагерлері мерекелік дастарханға жиналды.

Салтанатты мерекенің басында Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Қаппасов барлық Академия ардагерлерін Академия басшы құрамының, профессорлық-оқытушылар құрамы мен барлық ұжымның атынан атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларына шаттық, мәпелеген балаларынан, немерелерінен тек қана қуаныш көрулерін тілеп, алға қойған арман-мақсаттарына  және жоспарларының орындалуына тілектес болды.







Осы мерекелік күнінде барлық лебіздер мен әндер біздің құрметті Ардагерлерге арналды. Осындай мерекелік, жылы және жайлы ахуалда ардагерлеріміз ән айтып, самауырдан ыстық шәй ішіп,  көңілдері көтеріліп, өздерінің Академияда қызмет еткен кездердегі қызықты сәттерімен бөлісті.

Академия ардагерлері оқу-дала лагерінің аумағында серуендей отырып, қызмет еткен күндерін еске алды, өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Бейресми жағдайда  өткен шарада ардагерлердің жүзінен аңсау, сағыныштың табы білініп тұрды.

Аталған іс-шара жайлы жағдайда ұйымдастырылып, жас ұрпақтарға тәлім-тәрбие беру үшін өткізілді. Осы күнге аман-есен жеткізген біздерге ендігі парыз — бабалар аманатын замана көшінде абыроймен жалғастыру.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова

2 курс курсанты К. Гареева