Жоғарғы оқу орындарының діни сауаттылық саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру

Адамзаттың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына әсер етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне, әуелі дертке айналып отыр. Қазіргі таңда діни лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән құбылыс емес. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын экстремизмнің алуан түрлері жалғаса түсуде. Әр түрлі ұйымдар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бүкіл әлемде орын алып отырған дінді пайдаланып экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте өзекті мәселе. Негізінде, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамырлары бар. Сондықтан «діни экстремизм», «исламдық радикализм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы құбылыстарда, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басым. Келесі, еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Экстремизмнің негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары: экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатыр. Бұл мүдделердің, қарама-қайшылықтардың көлемі әр түрлі болуы мүмкін: жеке тұлғаның бүкіл қоғамға қарсы тұруынан бастап, бүкіл мемлекеттік жүйелердің қатал тайталасымен аяқталады. Қандай да бір себептермен мүдделері сақталмай қалған жағдай да тайталас екі жақтың бірі өздерінің саяси, діни, этникалық, тағы басқа мәселелерінің шешімін табу үшін шектен шыққан әдістерге көшуі мүмкін. Осындай, діни сауаттылық бағытындағы сұрақтарды талқылау үшін КОФ 2 курс курсанттары Қостанай облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған атаулы семинарға қатысып, сертифакаттарға ие болды.

Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік өркениеттің көкжиегінен орын алуға мүмкіндік береді.

 

ӘГП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Д.Тойматаев