АКАДЕМИЯДА DAMUMED МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамына жауынгерлік және қызметтік сабағының шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері DamuMed мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысын өткізді.

DamuMed мобильдік қосымшасы – бұл емделушінің өзінің тіркелген медициналық ұйымында дәрігерге өзін және өз отбасының мүшелерін жазу, немесе дәрігерді үйге шақыру және де медициналық  құжаттарын көруге арналған мобильдік жеке кабинеті.

Түсіндіру жұмысының барысында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жауков Абат Бекболатұлы Академияның жеке құрамына DamuMed мобильдік қосымшасын қолдану тәсілін  видео-ролик арқылы көрсетті. Сонымен қатар, Академия жеке құрамына Басқарма өкілдеріне өзекті сұрақтар қою мүмкіндігі туды.


DamuMed мобильдік қосымшасын енгізу медициналық ұйымдардағы үлкен кезектерді азайтуға мүмкіндік береді. Аталған мобильдік қосымшасы «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығымен әзірленген. DamuMed-тың басымдылығы – бұл дәрігерлердің және емделушілердің уақытын үнемдеу.

Тәрбие жұмысының инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова