Құрметті Мирлан Ахмедияұлы!

Құрметті Мирлан Ахмедияұлы!

Сізді  бүгінгі мерейлі 50 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Аса көрегендігіңіздің арқасында алдыңыздан қандай қиындық туындаса да, ешқашан мойымай өмір сындарынан сүрінбей өте білдіңіз! Қызметтік міндеттеріңізді атқаруда Сіз ұжымды ұйымдастырып, еңбекке тарта білетін білікті басшы ретінде асқар таудың шыңынан көрініп, үлкен сенімге, асқақ абыройға ие болдыңыз.

Халыққа, елге қызмет етуге, тәртіпті сақтауға және заңдылық пен ізгілік қағидаларын ұстануға бағытталған қызмет жолыңыз кез келген отансүйгіш азаматқа үлгі боларлықтай.

Сіздің шығармашылық жігеріңіз және де жастарға берген біліміңіз бен үлгі-өнегеңіз, тәлім-тәрбиеңіз Сізді ұжымда сый мен құрметке бөлейді. Өмірлік тәжірибеңіз, жоғары кәсіптілігіңіз, сонымен қатар жаныңыздағыларға деген мейіріміңіз бен өзіңізге және қол астыларыңызға қойылатын орынды талап Сізді  ізгі басшы талапкер етті. Сіздің табанды, қайсар еңбегіңіздің арқасында Академия қабырғасынан бірталай ішкі істер органдарының офицерлері тәрбиеленіп, парсатты, кәсіби маман иесі атанды.

Шын жүректен Сізге және Сіздің отбасыңызға баянды бақыт, шырайлы шаттық, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, барлық бастамаларыңызға шығармашылық табыс, мәнді де сәнді ғұмыр тілейміз!

Әрдайым жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

 

 Жеміс берсін аянбай еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!

Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,

Арта берсін абырой-беделіңіз!

 

Құрметпен,

Академия ұжымы