Жас ғалымдар жиыны

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы білім және ғылым мұхитында еңбек етіп келе жатқан үлкен желкенді кемелердің бірі екендігі баршаға белгілі. Осы кеменің желкеніндей желкілдеген жас ұрпақты жетістікке жеткізу Академия кафедраларының міндетінде. Сол себепті мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы өзінің «Заңгер» ғылыми үйірмесінің аясында курсанттардың ғылыми зерттеу отырысы болып өтті.


Отырыста «Заңгер» ғылыми үйірмесі мүшелелерінің тізімдері анықталып, 2018-2019 оқу жылына арналған курсанттардың ғылыми зерттеу жұмысының жоспары таныстырылды. Сонымен қоса үйірменің жұмысына жауапты болып кафедраның тарапынан полиция капитаны А. Қаражан тағайындалса, курсанттардың тарапынан үйірменің хатшысы болып КОФ 3 курс 304 оқу тобының курсанты полиция қатарындағы А. Рахметқали тағайындалды.

КОФ 3 курс 304 оқу тобының

курсанты полиция қатарындағы А. Рахметқали