Академияда алғаш рет патриоттық клубтар арасында чемпионат өткізілді

2018 жылдың 15 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қабырғасында алғаш рет әскери қоян-қолтық ұрысынан әскери патриоттық клубтар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының тұсауы кесілген болатын

Бұл додамызда алғашқы болып сөз кезегі Қазақстан Республикасы  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлына берілді, өз сөзінде академия бастығы қатысушы сарбаздарға рух беріп, сәттілік тілеп  ынталандырған болатын және де жарысымыздың құрметті қонақтарымен таныстырды. Олар: Ұлы отан соғысының ардагері, КСРО КГБ полковнигі Даценко Павел Васильевич.

Келесі кезекте құттықтау сөзі  Ұлы отан соғысының ардагері, КСРО КГБ полковнигі Даценко Павел Васильевичке берілді. Осы жарысымыздың мақсаты болашақ ұрпақтың патриоттық сезімдерін артырып, тәртіп пен тәрбиені ұстанып, кішіпиілділікті танытып, осындай белестерді артыратындарын ескерте кеткен жөн, және де өзінің авторлық кітабы «Сказания о довоенном мире, войне окопной и незримом фронте» атты туындысын академия бастығы полиция генерал — майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлына үлкен құрметпен табыстады.

Барлық қонақтарымыз бен қатысушыларымызды өз көріністерімен әскери патриоттық клуб «Разведчик» таңғалдырды. Олар қорғаныс және шабуыл әдістерін көресетіп қана шектеліп қоймай пышақ, кірпіш, шегелі орындық құралдарын пайдаланып, дене түршігерлік әдістерін тамсандырған болатын.

Жауынгерлік және дене дайындығы

кафедрасы бастығының орынбасары

полиция майоры

Мади Абдрахманов