ОТАН — ОТБАСЫДАН БАСТАЛАДЫ

2018 жылғы 7 қыркүйекте барлық қазақстандықтар Халықаралық Отбасы күні мерекесін қарсы алады. Отбасы — табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы — алғашқы қадам. Отбасы — өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қызметкерлердің отбасыларының қатысуымен спорттық және  шығармашылық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен күндізгі оқыту факультетінің курсанттарына отбасылық құндылықтарын насихаттау мақсатында апта бойы отбасы туралы фильмдер көрсетіледі.

Фильмдердің тематикалары: отбасыдағы қарым-қатынастар мәдениеті, үлкендерді сыйлау және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.

2018 жылғы 04 қыркүйек күні күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттары «Отбасы» атты әлеуметтік фильмді тамашалады. Тамашаланған фильмнің тематикасы бақытты отбасы туралы және ата-ана арасындағы қарым-қатынастар.

Фильмді көрген соң Академия курсанттары: Бақытты отбасы дегеніміз не екендігі жөнінде өздерінің жеке ойларын және отбасылық құндылықтар туралы  көзқарастарының өзгергені жайында айтты.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты Д. Альжанова